Қазақстанның сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі және сайлау өтуі жайлы. Сайлау комиссияларының құрылу реті және сайлауды басқару қамтамасыз етілу жолдары туралы.
САЙЛАУДЫҢ ӨТУ ТƏРТІБІН РЕТТЕЙТІН ЗАҢДАР
Зерттеу
САЙЛАУДЫҢ ӨТУ ТƏРТІБІН РЕТТЕЙТІН ЗАҢДАР
Қандай нормативті-құқықтық актілердің күші басым?
ҚР Конституциясы
ҚР ратификациялаған халықаралық келісім-шарттар, құжаттар
ҚР Конституциялық заңдары
ҚР Кодекстері, заңдары
ҚР Президентінің нормативтiк құқықтық жарлықтары
ҚР Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк құқықтық қаулылары
Сайлауға қатысу – азаматтардың Конституция кепілдік берген құқығы.
Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға жəне оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
ҚР Конституциясының 33-бабы.
Белсенді жəне бəсең сайлау құқығы.
Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы – Республиканың 18 жасқа толған азаматтарының тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Бəсең сайлау құқығы – сайлауға үміткер ретінде қатысып, сайлану құқығы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабы.
Сот iс-əрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi мен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды.
Сайлау құқығының қағидалары.
Сайлаулар кезекті жəне кезектен тыс болып бөлінеді.

ҚР Конституциясының 44-бабына сəйкес Президент Республика Парламентіне жəне оның Палатасына кезекті жəне кезектен тыс сайлау тағайындайды.
Президенттi, Парламент Мəжiлiсi жəне мəслихат депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең жəне төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. Яғни азаматтардың барлығы сайлауға қатыса алады, бір адам бір дауысқа ие, үміткерлерге тікелей дауыс бере алады.

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. Жанама дауыс беру дегеніміз азаматтар сенат депутаттарын сайлауға тікелей қатыса алмайды, олар үшін мəслихат депутаттары дауыс береді.

Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi түрде жүреді. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мəжбүрлеуге, сондай-ақ, оның еркiндігін шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Сайлау мерзімділігі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 3-бабы.
Сайлау комиссияларының құрылымы.
Орталық сайлау комиссиясы – сайлаудың заңды өтуіне жауапты ең жоғарғы орган. ОСК Төрағадан жəне комиссияның 6 мүшесінен тұрады. ОСК Төрағасын жəне 2 мүшесін ҚР Президенті 5 жыл мерзімдік қызметке тағайындайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары 7 адамнан тұрады. Аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мəслихаттар сайлайды. Əр саяси партия комиссия құрамына 1 кандидатура ұсынуға құқылы. Орталық сайлау комиссиясына бағынады.
Учаскелік сайлау комиссиясы өз учаскелерінде сайлаудың заңды өтуіне жауапты. Сайлаушылар санына байланысты 5-тен 11-ге дейін мүшеден тұруы мүмкін. Учаскелік сайлау комиссиясы орталық жəне аумақтық сайлау комиссияларына бағынады.
Сайлауды өткізу тəртібін реттейтін негізгі заңдар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңы

«Саяси партиялар туралы» ҚР 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344 Заңы.

«Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
Сенат депутаттарын сайлау.
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi. Яғни, азаматтар сенат сайлауына қатыспайды.

ҚР Парламентінің Сенатында 49 депутат бар. Олардың 34-ін əр облыс, республикалық маңызға ие қала жəне астанадан жергілікті мəслихат депутаттары сайлайды, ал 15-ін ҚР президенті тағайындайды.

Сенат депутаттарының уəкілеттік мерзімі – 6 жыл.
Мəжіліс депутаттарын сайлау.
Мəжілістің 98 депутаты жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мəжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мəжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламент өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Қазақстанда 6 рет мəжіліс сайлауы өткен (1995, 1999, 2004, 2007, 2012 жəне 2016 жылы). Олардың тек біреуі ғана кезекті, бесеуі кезектен тыс сайлау тəртібінде өтті.

Қазақстанда мəжіліске партиялық тізім (пропорционал сайлау жүйесі) бойынша сайлау жүйесі 1999 жылы енгізілді. Ол кезде аралас сайлау жүйесі еді, тек 10 депутат пропорционал сайлау жүйесі бойынша сайланды. Пропорционал сайлау жүйесі дегеніміз - сайлаушылар бюллетеньде жеке кандидаттарға емес, партияға дауыс береді. Ал партия мəжіліс депутатының мандатын өз қалауы бойынша үлестіреді. 2007 жылдан бастап мəжіліс депутаттарын сайлау толығымен пропорционал жүйеге өтті.
Мəслихат депутаттарын сайлау.
Сайлау күні барлық сайлау комиссиялары сайлау қорытындысы шыққанша жұмыс істейді.

Сайлау учаскесінде заң бұзушылыққа тап болып, оны шешу мүмкін болмаса, жергілікті аумақтық сайлау комиссиясына шағымдана аласыз. Ол шағымда учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына шағым айта аласыз. Аумақтық сайлау комиссиясы сіздің шағымыңызды қарап, сайлау комиссиясының əрекеттерін заңсыз деп табуы мүмкін, оларға қатысты сөгіс жасауы мүмкін.

Егер аумақтық сайлау комиссиясы сіздің арыз-талаптарыңызды қарап, ол бойынша əділ шешім қабылдамаса, оның əрекетіне қатысты орталық сайлау комиссиясына хабарласуыңызға болады. Сайлау күні жедел желілер қосылады, сіз кез келген уақытта телефон шалып, шағым жасай аласыз.

Сайлау комиссиялары сіздің өтініш, шағымызды қанағаттандырмаса, прокуратура, сот органдарына арыздана аласыз. Сот органдары заңда белгіленген тəртіпте арыз-талаптарды қарап, кінəлі тарапты жауапқа тартуы тиіс.
Мəслихаттар аумақтық, жергілікті деңгейде жұмыс жасайды. Олар жергілікті бюджетті, дамыту бағдарламаларын, əкімшілік құрылымын бекітеді. Аумақтық деңгейдегі мəслихат депутаттары сенат сайлауларына қатысады.

Мəслихат депутаттары 5 жыл мерзімге сайланады. Жергілікті мəслихат депутаттарының саны Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген.

Барлық деңгейлі мəслихат депутаттарының кезекті сайлауы бір мезетте өткізіледі жəне бұл сайлау Президент, Парламент Сенатының сайлауымен тұспа-тұс келмеуге тиіс. 2018 жылға дейін мəслихат сайлауына азаматтар өзін өзі ұсынып қатыса алатын еді.

2018 жылдан бастап мəслихат депутаттығына үміткерлерді тек партиялар, қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады. Ұсынылған азаматтар осы ұйым мүшелері болуы шарт.
Сайлау барысында құқығыңыз бұзылса.
СІЗ ОН БЕСІНШІ САБАҚТЫ АЯҚТАДЫҢЫЗ!
БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
Зерттеу
БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
Халықаралық стандарттар дегеніміз не, олар не үшін қажет?
Халықаралық стандарттар – əлемдік қауымдастыққа қазіргі жүйелердің, элементтердің, өнімдер мен қызметтердің сипаттамасын тексеруге жəне оларды бірге жетілдіруге мүмкіндік беретін эталон, бірыңғай əдістемелік негіз.
Бір-бірінің ортақ мүдделеріне жауап беру, тəжірибе алмасу;

Сауда мен əріптестік қарым-қатынас жасау, тұрғындарының əл-ауқатын арттыру;

Өз елінің ішінде тəртіп пен позитив қоғамдық пікірді сақтап тұру;

Стандарттарды сақтамағаны үшін бүкіл əлемдік қауымдастық тарапынан шиеленіске, дау-дамайға ұрынбау, саяси қысымға, оқшаулану мен кері шараларға ұшырамау.
Мемлекеттер адамзаттың ортақ даму бағытынан шығып қалмау, экономикалық жəне гуманитар салаларда, қауіпсіздік мəселелерінде шеттеп қалмау үшін халықаралық стандарттарды сақтайды.
Стандарттарды сақтаудың мемлекеттерге көмегі:
Халықаралық стандарттарды үкіметаралық ұйымдар əзірлейді. Яғни, келіссөздер, дауыс беру мен консенсус арқылы барлық елдер бірге жасайды.

Мысалы, халықаралық стандарттар сауда саласында жұмыс істейді – оларды Бүкілəлемдік сауда ұйымы (БСҰ) əзірлеген, орындалуын да қадағалайды. Қаржы есебі стандарттарымен "Қаржы есептерінің халықаралық Кеңесі" (ҚЕХК) айналысады. Денсаулық сақтау стандарттарымен - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Көптеген стандарттар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бастамасымен əзірленген.

Демократиялық институттар да өзіндік даму стандарттарына ие, ал сайлаулар – белгілі бір өткізу стандарттарына бағынады.

Адам құқықтары саласы мен əділ, демократиялық сайлау өткізуді бақылау стандарттарын сақтау мониторингімен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ), нақтырақ Демократиялық институттар мен адам құқытары жөніндегі Бюро (ДИАҚБ) айналысады.
Халықаралық стандарттарды не үшін білуіміз керек?
Қазақстан – БҰҰ мен ЕҚЫҰ-мен қоса көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі.
Еліміз осы ұйымдар қабылдаған халықаралық құжаттарды ратификациялаған. Сондықтан халықаралық құжаттарда жазылған нормалар Қазақстанда заңды күшке ие.

Халықаралық стандарттарға сүйене отырып, азаматтар мемлекеттен əділ, ашық, адам құқықтары сақталған сайлау өткізуді талап етуге қақылы.

Осы стандарттардың сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда халықаралық инстанцияларға өз мемлекетіне қатысты шағым түсіре алады.
*БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
*ЕҚЫҰ – Еуропадағы Қауіпсіздік жəне Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымы
Маңызды құжаттар.
Содан кейін мемлекет адам құқығына қатысты бірқатар құжаттарды ратификациялады. Мысалы:
1992 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған кезде Қазақстан Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады (1948).
Əйелдердің саяси құқығы туралы конвенция (1952);

Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (16 желтоқсан 1966);

Нəсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық конвенция (21 желтоқсан 1965);

Адами өлшем жөніндегі конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты (1992);

Əйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы конвенция (6 қыркүйек 2000);

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (13 желтоқсан 2006)
Hard and Soft Law.
Орындалуы міндетті халықаралық құжаттар «Қатаң құқық» (ағыл. hard law) деп аталады.
«Жұмсақ құқық» (англ. soft law) нұсқаулықтар мен ережелердің ұсынылған жиынтығы – олар заң тұрғысында міндетті емес жəне олардың орындалмауы үшін санкциялар болмайды, алайда олар заңдардың дұрыс жұмыс істеуіне контекст пен жағдай жасайды, қатаң құқықтар дұрыс іске асырыла алатын негіз қалыптастырып, тұжырымдамаларды жетілдіреді.

Сайлау саласындағы soft law мысалы ретінде ЕҚЫҰ сайлауды бақылау, саяси партиялар қызметін реттеу, сайлау процесі кезінде əкімшілік ресурстарды асыра пайдалануға жол бермеу жөніндегі басшылық қағидаттарын атауға болады.
Қосымша оқу үшін төмендегі сайлаудың оң тəжірибесі саласындағы халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға берілген сілтемелерді қараңыз.
Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы (1948).
Əр адамның өз елін басқару ісіне тікелей өзі, немесе ерікті түрде сайланған өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар.

Халық еркі үкімет билігінің негізі болуы тиіс; бұл ерік мерзімді жəне бұрмаланбаған сайлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сайлау жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен, немесе осы сияқты сайлау бостандығын қамтамасыз ететін басқа да, осы мəндес əдістер арқылы өткізілуі тиіс.
21-бап:
Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (1966).
Əрбір азамат еш кемсiтушiлiкке жəне негiзсіз шектеуге ұшырамай:

тiкелей өзi, сондай-ақ ерiктi түрде сайланған өкiлдерi арқылы, мемлекет iсiн жүргiзуге қатысу;

сайлаушылардың еркiн пікір бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн жасырын дауыс беру жолымен жалпыға бірдей жəне тең сайлау құқығы негiзiнде өткiзiлетiн шынайы мерзiмдi сайлауда дауыс беру жəне өзi сайлану құқығы мен мүмкіндігiне ие болуы тиiс.
25-бап:
ЕҚЫҰ Адами өлшем жөніндегі конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты.
Сайлаушылардың өз өкілдерін таңдау кезінде пікірін іс жүзінде еркін білдіруін қамтамасыз ететін жағдайда құпия дауыс беру немесе соған тең еркін дауыс беру процедуралары арқылы ақылға қонымды уақыт аралығында өткізілетін еркін сайлауларды бекітеді.
1992 ж. Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымына (ЕҚЫҚ) кіру арқылы Қазақстан ЕҚЫҰ құжаттарында көрсетілген рекомендациялар мен міндеттерді қабылдады.
Копенгаген кеңесінің құжаты:
Мүгедектігі бар адамдар құқығы туралы Конвенция.
Мүше мемлекеттер мүгедектігі бар адамдарға саяси құқықтары мен оларды басқалармен тең дəрежеде пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді жəне мынадай міндеттерді қыбалдайды:

а) мүгедектігі бар адамдар тікелей немесе өз еркімен таңдаған өкілдері арқылы саяси жəне қоғамдық өмірге басқалармен тең дəрежеде, жан-жақты, эффективті қатсуына, соның ішінде сайлау мен сайлануға құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету:

дауыс беру процедуралары, ғимараты мен материалдар мүмкіндігіне сай, қол жетімді жəне түсіну мен қолдануға оңай болуын қамтамасыз ету;

мүгедектігі бар адамдардың құпия дауыс беру мен ашық референдумдарға еш мəжбүрлеусіз қатысу, өз кандидатурасын сайлауға ұсыну, нақты қызметтерді алу, мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде барлық қоғамдық қызметтерді атқару, оларды мүмкіндігіне қарай көмекші жəне жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асыру құқығын қорғау;

мүегедектігі бар адамдардың сайлаушы ретінде өз еркін білдіруіне кепілдік беру, осы мақсатта қажет болған жағдайда дауыс беру кезінде басқа тұлғаның көмектесуі туралы өтінішін орындау.
29-бап:
Халықаралық бақылаушылар.
Шетелдік немесе ұлттық бақылаушылардың қатысуы сайлау процесінің беделін көтереді, сенім тудырады. Сондықтан осы құжатты заңдастырған елдер өз ұлттық сайлауларының өту барысын қадағалауға ниет білдірген ЕҚЫК (ЕҚЫҰ) кез келген қатысушы мемлекеттерінен, кез келген тиісті жеке ұжымдар мен ұйымдардан бақылаушылар шақырады. Мұндай бақылаушылар заңмен рұқсат етілген көлемде ұлттық сайлау барысын бақылайды.
ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушылардың сайлаудағы жұмысын бекітеді. Бұған қатысты Копенгаген құжатында былай делінген:
Шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдері халықаралық бақылаушы бола алады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясында аккредитация алатын халықаралық бақылаушыларды шақырады.
Халықаралық бақылаушылар:
Бақылау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға;

Сайлау кампанияларының барысы туралы ақпарат алуға;

Дауыс беру жəне дауыс санау кездері сайлау учаскелеріне кіруге;

Сайлау процесінің қатысушыларымен кездесуге;

Сайлау комиссияларының мүшелеріне бақылау жүргізу кезінде байқағандарымен, анықтаған заң бұзушылық деректерімен бөлісе алады, ұсыныстар енгізе алады;

Жария мəлімдемелер жасауға құқылы.
«Сайлау туралых» Конституциялық заңының 20-2 бабы.
Кімдер бақылайды?
ДИАҚБ/ЕҚЫҰ (Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюро/ Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым);

БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы);

ТМД (Тəуелсіз мемлекеттер достастығы);

ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы);

Түркі кеңесі;

ИЫҰ (Ислам ынтымақтастық ұйымы);

Түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА).
Қазақстандағы сайлауды тұрақты түрде келесі ұйымдардың өкілдерді бақылайды:
Ал содан соң?
Сайлаудан соң халықаралық бақылаушылар есеп жазады, онда дауыс берудің қалай өткенін, қандай заң бұзушылықтар байқағанын сипаттап жазады.
Олар сайлаудың қаншалықты халықаралық стандарттарға сай келгенін анықтайды, сонымен бірге сайлау процессін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды.

Қорытынды есеп бақылау жүргізілген елдің мемлекеттік тіліне аударылады жəне екі ай аралығында жарияланады.

Орталық сайлау комиссиясы қорытынды есептерге жауап беріп, кемшіліктерді жоюы тиіс.
СІЗ ОН АЛТЫНШЫ САБАҚТЫ АЯҚТАДЫҢЫЗ!
Сайлау кезіндігі заң бұзушылықтар
Данила Бектурганов
Ал енді үшінші модульді қаншалықты меңгергеніңізді тексергіңіз келсе, алдағы уақытта қандай жайттарға назар аударуыңыз қажет екенін көрсететін шағын тестіден өтіп көріңіз.
Тестіні бастау
Сайлау қандай түрлерге бөлінеді?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сенат депутаттары қалай сайланады?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
ҚР Парламент Сенатының қанша депутатын президент тағайындайды?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
ҚР Парламенті Мәжілісінің қанша депутаты жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде дауыс беру арқылы сайланады?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
2007 жылдан бастап Қазақстанда Мәжіліс депутаттарын сайлау қандай жүйеге өтті?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сіз бақылаушы болған учаскеде заң бұзушылық орын алды, сіздің бақылаушы міндетін атқаруыңызға кедергі келтірді. Сіз алдымен қайда шағым бересіз?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері саны 5-тен 11 дейін болады. Ол неге
байланысты?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
2019 жылдан бастап мәслихат депутаттығына үміткер бола алады:
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Қазақстан ратификациялаған сайлауға қатысты нормалары бар халықаралық құжат
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
ЕҚЫҰ Адами өлшемі жөніндегі конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты (1990)
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Халықаралық бақылаушылар құқылы:
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Халықаралық ұйымдардың негізгі мақсаты
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
ҚП Парламенті Мәжілісінің депутаттары қанша жылға сайланады?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
ОСК төрағасын кім тағайындайды?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Плохой результат
Тағы бір рет өту
Средний результат
Тағы бір рет өту
Хороший результат
Тағы бір рет өту
СІЗ ҮШІНШІ МОДУЛЬ АЯҚТАДЫҢЫЗ!