Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 29 маусымында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Жекелей алсақ, келесідей нормалар қарастырылған:
– 18 бап (4-1 тармағы) учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті шаралар жасауын қарастырады;
– 39 бап (1-1 тармағы) дауыс беретін бөлмені жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушыларға кедергісіз қолжетімлік пен онда дауыс беру қамтамасыз ету қарастырылған;
– 48 бап (2-1 тармағы) жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету шараларына жәрдемдесуге міндетті екені қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының 2012 жылдың 23 қазанында шыққан № 21/183 «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына енген өзгерістерге қарамастан. Ол жерге «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері» атты жаңа тарау қосылған.
2019 жылдан бастап, барлық сайлау учаскелерінде келесідей шарттар қарастырылуы қажет:
Бақылаушылардың 2019 ж. сайлауға қатысуы олардың ашықтығы мен әділдігіне әсер етті, одан өзге сайлаушыларды ақпараттандыру мен учаскелердің құқық бұзушылықтарды дер кезінде тоқтауға да ықпал етті.
Одан басқа біз 2019 жылы сайлауда сайлау туралы заң ережелері мен кеңестерді ұстаудан біршама дамуға қолжеткізгенімізді көре аламыз. Әсіресе дауыс беруге арналған учаскелерді мүмкіндіктері шектеулі азаматтар адамдарды қоса алғанда барлық азаматтарға бейімдеуде сол өзгерісте едәуір көрінеді.
Сайлау учаскелерін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ету үшін, оларға толыққанды, өзіндік қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өте көп еңбек ету керек.
Орталық Сайлау комиссиясы мен мемлекеттік органдар үшін ұсыныстар: