Бақылаушылар ескертпесі

Ескертпе тек «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан алынған ақпаратты қамтиды.

Ескертпе, ең алдымен, сайлау күні сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін бақылаушыларға, сондай-ақ Қазақстандағы сайлау процесін бақылау процедурасына қызығушылық танытатын адамдардың кең ауқымына арналған.

Ескертпе дауыс беру күні сайлау туралы заңның жиі бұзылатын тұстарының призмасы арқылы бақылаудың негізгі этаптарын сипаттайтын бес бөлімнен тұрады, атап айтқанда:

1. Дауыс беру рәсімі басталғанға дейінгі бұзушылықтар

2. Дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау кезіндегі бұзушылықтар

3. Сайлау учаскесіндегі дауыс беру процедурасындағы бұзушылықтар

4. Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру процедурасы кезіндегі бұзушылықтар

5. Дауыс беру нәтижелерін анықтаудағы бұзушылықтар

Дауыс беру процедурасы басталғанға дейін*

Бұзушылық сипаттамасы
1
Сайлау учаскесін мерзімінен бұрын ашу (сағат 06.00-ге дейін).
2
Дауыс беру басталғанға дейін жәшіктерде бюллетеньдер болуы, жәшіктер мөлдір және бүтін болуы керек.
3
Төраға сайлау жәшіктерін мөрмен немесе пломбамен қамтамасыз етуге міндетті.
4
Бюллетеньдер сақталатын бөлме мөрленбеген.

Дауыс беру бөлмесі **

Бұзушылық сипаттамасы
Дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау шарттарын бұзу.
Үгіт материалдарының болуы, сондай-ақ учаскеде үшінші тараптың үгіт жүргізуі.
Учаскеде сайлаушылар тізімінің болмауы, сайлаушылар тізімін сайлаушыларға, бақылаушыларға бермеу.

Дауыс беру процедурасы *

Бұзушылық сипаттамасы
1
Бюллетень жеке басын куəландыратын құжатты ұсынған, сайлаушылардың тізімімен тексерілген сайлаушыларға беріледі. Осыдан кейін олар бюллетеньге қол қояды. Өз кезегінде сайлаушы бююлетень алу журналына қол қояды.
2
Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы бюллетеньдерді беруге құқығы жоқ.
3
Дауыс беру кабинада өтеді. Кабинада тек бір адам ғана болуы керек. Қажет болған жағдайда оның сенімгер тұлғасы сайлаушының кабинасына кіруі мүмкін.
Мына тізімдегі адамдар сенімгер тұлға бола алмайды:
1) сайлау комиссиясының мүшесі
2) жергілікті өкілдің немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
3) кандидаттың уəкілетті өкілі;
4) журналист - представитель средств массовой информации;
5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген бақылауы
4
Дауыс беру учаскелеріндегі сайлау бюллетеньдерінің тастап жіберуі

Сыртта дауыс беру*

Бұзушылық сипаттамасы
Төраға бақылаушыларға тыс жерде дауыс берудің ұйымдастырылуы туралы хабарлауға міндетті. Төраға бақылаушының келісімі бойынша бақылаушыны тыс жерде дауыс беру үшін мобилді топтың ішіне енгізуі тиіс.
Тасымалдағыш жəшіктердің ішінде бюллетеньдердің болмауы керек, жəшік мөлдір, бүтін, мөрленген немесе пломбаланған болуы тиіс

Дауыс берудің нəтижелерін анықтау *

Бұзушылық сипаттамасы
1
Сайлау жəшіктерін ашпас бұрын пайдаланылмаған барлық бюллетеньдер есептеледі жəне өтеледі.
2
Алдымен портативті сайлау жəшіктері ашылады. Тасымалданатын сайлау жəшігіндегі сайлау бюллетеньдерінің саны сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі туралы жазбаша өтініштердің санымен сəйкес болуы тиіс.
3
Дауыстардың нəтижелерін сайлау комиссиясы қарап, хаттамасын жазады, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған кезде хаттамаға сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.
4
Дауыс беру нəтижелері бойынша хаттамаларды əртүрлі түсті қарындашпен жəне бояулармен толтыруға жол берілмейді, сондай-ақ оларды түзетуге болмаады. Бұл жағдайда дауыс беру нəтижелерінің сандық мəндері жазбаша түрінде қайталануы керек.
5
Хаттаманың көшірмесі дереу сайлау учаскесіндегі арнайы белгіленген жерде халықтың назарына орналастырылып, екі күн тұрады.
6
Дауыс санау кезiнде Конституциялық заңға сəйкес ұсынылған адамның өтiнiшi бойынша оған хаттаманың көшiрмесi берiледi, ол комиссия төрағасы мен хатшысының қолдарымен жəне сайлау комиссиясының мөрiмен расталады.
* Бұзушылық анықталған кезде төрағаға хабарлап, бұзушылық туралы акт құрыңыз
Бақылаушының құқықтары мен міндеттері
Бақулаушылардың құқықтары мен міндеттері тізімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 20-1 бабына негізделген

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

20-1-бап.
Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының бақылаушылары

П.1 Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары бақылаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, əкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куəландырылуға тиіс.

Бұл құжат бақылаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады жəне ол бақылаушының жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады.

Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға бақылаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін көрсетіледі.

Бақылаушының міндеттері

1
Олардың жеке басы мен өкілеттігін куəландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге
2
Сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау жəне шешімдерді қабылдау рəсіміне араласпауға
3
Сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-əрекеттер жасамауға
4
Сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тəртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға
5
Өз ескертулерін құжатталған, шынайы жəне тексеруге болатын фактілермен негіздеуге
6
Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының жəне өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға
7
Алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті

Бақылаушының құқықтары

1
Сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;дауыс беруге
2
Соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға
3
Дауыс беруді өткізу жəне дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға
4
Тасымалданатын сайлау жəшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға
5
Сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау жəне дауыс беру нəтижелерін ресімдеу рəсімін барлық аталған рəсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға
6
Тиісті сайлау комиссиясының жəне (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға
7
Сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға
8
Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы жəне жоюы кезінде қатысуға
9
Дауыс беру барысына жəне оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба жəне бейнежазба жасауға
10
Дауыс беру нəтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рəсімін байқауға
11
Дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куəландырылған көшірмелерін алуға
12
Сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мəлімдемелерді, актілерді табыс етуге жəне табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, бақылаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті
18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA
Leave your contact details and we will contact you soon!