Адамдардың құқықтары мен бостандықтары болуы керек деген идеяның ұзақ тарихы бар. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлем елдері бірігіп, барлық қасіреттер қайталанбауы керек деп шешті. Миллиондаған еврейлер мен басқа да азшылықтардың өкілдерін азаптап, өлтірген нацистердің қатыгездігі адам құқықтарының қазіргі тұжырымдамасын жасаудың бастапқы нүктесі болды.
Осылайша қазіргі заманның адам құқықтары туралы идеясы пайда болды. Оның мәні өте қарапайым – бізді біздің әділетті сот тергеу ісіне, бейбіт жиынға, сөз еркіндігі мен әділетті сайлауда дауыс беру, ой, ар-ождан мен дін еркіндігіне және өмір сүруге деген құқығымызды шектеуі мүмкін мемлекет механизмінен қорғау.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ Бас ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады, онда әрбір адам нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа наным-сеніміне қарамастан, ұлттық және халықаралық деңгейде қорғалуы тиіс, ажырамас құқықтарға ие деп жарияланған. Декларацияның қабылданған күні 10 желтоқсан жыл сайын Халықаралық адам құқығы күні ретінде аталып өтеді.
Адам құқықтары мемлекеттің саясаттың негізі, біздің еркіндіктеріміз бен әділдік, теңдік, абырой мен құрметіміздің кепілі болуы тиіс.
Мемлекеттің міндеттері:
Адам құқықтарын бұзбау
Адам құқықтарын тиімді жүзеге асыруға көмектесу