Біздің курс негізгі және жетілдірілген 2 бөлімнен тұрады.
Сізді теориялық білімнен бастап, алған білімді практикада қолдануға дейінгі адам құқықтарымен байланысты негізгі тақырыптармен таныстырамыз. Курс "адам құқықтары" деген не екенін білгісі келетін жаңадан бастаушыларға, сондай-ақ осы салада тәжірибесі бар және өз білімі мен дағдыларын нығайтқысы және жетілдіргісі келетін адамдарға арналған.
Жалпы алғанда, біз адам құқықтарының теориялық мәселелерін, адам құқықтарын қорғаудың практикалық аспектілерін, сондай-ақ күн сайын жергілікті және жаһандық деңгейде кездесетін заманауи сын-қатерлерді қарастыратын бес негізгі тақырыптық модуль дайындадық.