Біз – өз қызметін Қазақстанда 2015 жылғы 6 наурызда бастаған құқық қорғау ұйымымыз.
Біздің миссиямыз - адам құқықтарын құрметтеуге жәрдемдесу. Біз құқықтық білім беру, дамыту және біріктіру арқылы еркіндік, теңдік, және әділдік қағидаттарына деген адамдардың қарым-қатынасына әсер ете аламыз деп шын жүректен сенеміз.
Біз қоғамдық қорғаумен және құқықтар мен бостандықтарды ілгерілетумен айналысамыз, бүкіл ел бойынша білім беру бағдарламаларын (адам құқықтары бойынша семинарлар, тренингтер және хакатондар) ұйымдастырамыз, зерттеулер жүргіземіз және заң шығару қызметіне қатысамыз.