2019 жылдың 9 маусымында ҚР презиендітінің кезектен тыс сайлауында бақылаушы болған азаматтар оқиғалары

  • Күләш

    2019 жылдың наурызынан бастап, мен де көпшілік қазақстандықтар секілді келек жатқан ҚР президентінің кезектен тыс сайлауының кесірінен елдің саяси өмірін мұқият бақыладым. Мен азаматтық белсенділік танытып, сайлау процесіне қатысқым келді. «Еркіндік қанаты» қоры бақылаушылар жинап жатқанын естігенімде өз үлесімді қосудың жақсы бір мүмкіндігі осы деп шештім.


    Қорда дайындалған бақылаушылар мен басқа кандидаттар және қоғамдық бірлестіктерден шыққан бақылаушылардың жұмысын салыстыра отырып, «Еркіндік Қанаты» адамдарды шынайы дайындаған аз қорлардың бірі дей аламын. Тренингтерге келіп, қатысу қызық болды, себебі бақылаушылардың функциялары мен құқықтарынан өзге біз сайлау барысында болуы мүмкін әртүрлі жағдайларды ойластырдық. Сол күні Лена, Роман және Айгерим үнемі хабарда болды және бізге даулы мәселелерді шешуге көмектесті.


    Менің учаскемде өз басым сайлау заңнамасын ең жақсы білген өзім болдым. Бұл расымен де өкінішті. Өз құқықтарымды дауыс көтеріп қорғауға тура келді. Менің учаскемде басқа да бақылаушылар болғанына қарамастан, олар күні бойы дауыс беру бөлмесінің бір бұрышында орналасқан орындықтарынан тұрған да жоқ. Бірақ, жалпы, менің учаскеммен жолым болды, себебі мен тек бір акт жаздым. Содан кейін комиссия мүшелерді әрбір сайлаушының тізімде бар-жоғын мұқият тексере бастады. Ол стресс пен күйзеліске толы күн болды, бірақ мен оған қатысқаныма өте қатты қуаныштымын.


    Мен Қорға бақылаушы бола алу мүмкіндігін бергені үшін және сол міндетке бар жауапкершілігімен қарағанына алғысым шексіз. Келесі сайлауларда (президенттікте де, парламенттікте де) бақылаушылардың саны артады деп үміттенемін, себебі сол адамдар сайлау процесінің айқындығын қамтамасыз етеді.

  • Бейімбет

    Бала және жасөспірім болған кезімде мен үнемі сайлауда дауыс берудің қандай керемет екендігі туралы қиялдайтынмын. Учаскеге маңғазданып кіресің, бюллетеньді алып, қаламмен түртіп, оны маңызды кейіппен урнаға тастайсың.


    2019 жылғы президент сайлауы мен үшін өзім қатыса алатын бірінші сайлау болды. мемлекеттегі саяси ахуал мені бала арманымнан бас тартып, бақылушы болуға мәжбүр етті. Мен сайлауды бақылау туралы көп нәрсені білмедім, тіпті өзім бақылаушы боламын деп ойламадым. Бірақ сайлау жарияланғалы бері менің бүкіл ақпараттық кеңістігім келе жатқан дауыс беру тақырыбына толы болды. Мен ұзақ күмәндандым, себебі ол жүкті көтере алатыныма сенімді болмадым. Тек мамырдың соңына қарай шешім қабылдап, «Еркіндік Қанаты» ҚҚ сауалнамасын толтырым. Бақылаушыларды жинап, сайлау процесін бастан-аяқ түсіндірді. Егер сайлау заңнамасы мен Конституцияны зерттесе, онда дайындық көп уақыт алмайды.


    Мен сайлау күні учаскеде шамамен 20 сағаттай болдым. Оразан зор бұзушылықтардың және комиссия тарапынан көрсетілген қысым куәгері болып, ішім сенім мен күшке толды. Комиссияның заң білмеуі, олардың қысымы, мені «бақылауға арналған жерге» отырғызу талпыныстары және менің жеке өмірім жайлы сқрақтары менің психологиялық шыдамдылығымды бір сынап алды. Иә, бұл бақылаушлырадан біршама ресурс қажет ететін, көп күш талап еткен, шаршатарлық тәжірибе болды. 20 сағат бақылау, 2 сағаттық түсірілім, 20 минуттық түскі үзіліс, 4 сайлау заңнамасының бұзу жайлы акті, 2 пауэрбенк, 2 банан мен энергетик банкасы. Құрбандық ақталды. Бақылау тәжірибесі 2019 жылдың басты оқиғасы және өмірімнің ең жарқын естелігі болды.


    Осы мүмкіндік пен қолдау үшін «Еркіндік Қанатына» алғыс айтамын. Осы жолдарды оқып жатқан адамдарды бақылаушы болуға не бақылаушы болуды жалғастыруға шақырамын. Біз осылайша еліміздің дамуына орасан зор үлес қосамыз.

  • Дастан

    Өткен жылдың көктемі қазақстандықтар үшін толқуларға толы болды. Бейтарап жүрген адамдар лезде ояна кетті. Сол адамдардың қатарында мен де бармын. Алдағы президент сайлауы жайлы естігенімде қол қусырып отырғым келмейтінін түсіндім. Не істерімді ұзақ ойланып жүргендіктен, бақылаушылық тренингтерінен құр қала жаздадым. «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының бақылаушыларды дайындау тренингіне соңғы күні өтініш тастағанмын.


    Сайлау алды дайындықта заң талдаған кезімде және әртүрлі жағдайларды саралаған уақытта өзімнің бір өзгеріс алып келе алатынымды сезіндім. Сайлауға бір күн қалғанда учаскеме барып тіркелгенім әлі есімде. Ондағы адамдар мені көріп қуанып қалды деу қиын. Ауыр күн де келіп жетті. Сол күні Қазақстанның тарихындағы ұзақ жылдар бойғы өзгерісі болуы тиіс еді. Учаскемдегі басқа бақылаушылар сайлау комиссиясын да, оның төрағасын да жақсы таниды екен. Бірер сағат өте ол кісілер мен барған қарттар үйінде тұратынын білдім. Әнұран айтылып, сайлау басталды. Тек он минутқа ерте басталды. Келе сала жаман атты болмайын деп жай ғана видеоға соны жазып алдым. Бірер сағат ішінде біршама заңбұзушылықтар тіркелді.

    Бюллетеньдерге қол қойылмағанын ескерткенімде сондағы комиссия «Қойылу керек пе еді?» деген сұрағы таңғалдырды. Олардың есептелмейтінін айтқанымда бүкіл қызық басталды. Мені полиция қуғысы келіп, төраға «Тәрбие көрмегенсің бе? Заң деп қоймадың ғой. Сен кімнің атынан келіп отсың? Кім ұтқанын қалайсың?» деген сөздері ашуландырды.


    Алдымда тұрған адамдарға менің жай ғана әділ сайлау үшін күресіп жатқаным түсініксіз болды. Сағаттап естіген ауыр сөздерден кейін қор қызметкерлеріне хабарластым. Сол кезде Алматы бойынша үйлестіруші мен тағы бір әріптесіміз келіп, ерте жабылған учаскеде 50-70 бюллетень үшін соғыстық. Хаттама қолға тигенде қуаныш, ашу, ыза, ризалық пен кек сынды сезімдер ішімде араласып кеткен еді. Бірақ іштей жүйенің бір шытынағанын сездім.


    Мен осындай затты бастан кешкеніме, көп нәрсеге көзім жеткеніне, азаматтық борышымды өтегеніме ризамын және сол мүмкіндікті берген «Еркіндік қанатына» рақмет айтқым келеді.

  • Жанар

    Маусым айы, 2019 жыл, кезектен тыс президенттік сайлау. Өмірімде алғашқы рет азаматтық белсеңділігімді танытып, осы сайлау да тәуелсіз бақылаушы атандым. Бірнеше сайлау пункттерін тексеріп болғаннан кейін, нақты 1 пунктте тоқталып, дауыс есептеу рәсімдерінің аяғына дейін болдым. Әділетсіз системаның әсерінен осыдан кейін менің көзім ашылды. Бірақ, сонымен бірге халықтың дауысы, құқығы, мүмкіндігі маңызды екенін және де билік деген үкімет емес, билік – біз екенін ұғындым.

18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA