Human Rights Talks
Адам құқықтары саласындағы сұрақтарды талқылауға арналған алаң. Әр дискуссияға белгілі бңр құқық қорғау саласының сарапшылары шақырылып, олар іс-шара қатысушыларымен өз тәжірбиесін бөліседі.

Human Rights Talks қазақстанның әртүрлі қалаларында өтеді.

Әрбір қалада қатысушылар қызығушылығына сай іс-шараның өзіндік бағдарламасы жасалады.

Талқылау барысында келесідей тақырыптар талқыланады: әйелдер мен кәмелет жасқа толмағандарға жасалатын жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, цифрлы құқықтар, бақылаушылар құқықтары, адамдарды заңсыз сату мен миграция, феминизм құндвлвқ ретінде, теңдің пен кемсітусіз өмір сүру құқықтары, еңбек етушілер құқықтары мен бейбіт бас қосу мен қауымдастық құру еркіндігін қорғау.


Шақырылған спикерлер ретінде құқық қорғаушылар, белсенділер, заңгерлер, блогерлер және қоғамдық қорлар мен бірлестіктер өкілдері сөз сөйлейді.

Іс-шара форматының арқасында қатысушылар спикерлердің сөздерін тыңдап қана қоймай, талқылауға түсіп бейбіт атмосферада, өздерінің көкейкесті сауалдарын қоя алады.

Human Rights Talks – адам құқықтары туралы ақпараттандыруды арттырып, оларды қоғам арасында дамытуға көмектесетін Қордың жыл сайынғы шарасы.
Тең негізде сөйлесейік
Human Rights Talks басталуына дейін біздің Қор Фридрих Эберт қорының қолдауымен «Тең негізде сөйлесейік» атты қоғамдық талқылауын өткізді.

Іс-шара маңызды деген әлеуметтік тақырыптар мен шақыруларға арналған. Талқылау Шымкент қаласындағы «Сәлем» әлеуметтік қалашығында өтті.

Спикер ретінде сарапшылар, белсенділер мен құқық қорғаушылар сөз сөйледі

Қордың негізін қалаушы, Елена Швецова
қоғамдағы таптаурындар туралы айтып берді
Бағдарламалық бөлім директоры Айгерим Сейтенова
адам мен оның қоршаған ортасы туралы тақырыпта сөз сөйледі
Ақмарал Сман
қыздардың білім алу маңыздылығы туралы айтты
Қарлығаш Қабатова, https://uyatemes.kz/ сайты
ның негізін қалаушы, жыныстық сауаттылық саласындағы зерттеулер жайлы сөз етті
«Сана Сезім» ұйымының заңгері, Элина Еникеева
тұрмыстық зорлық-зомбылық пен ерте жастағы жүктіліктің алдын алу туралы сөз қозғады
Шымкент қаласының белсендісі, Айжан Ергешова
волонтерлік қызметтегі әрбір адам маңыздылығы жайлы
«Сәлем» ҚБ директоры, Арман Кушимбаев
отбасыдағы қарым-қатынас матрицасы жайлы
Зауреш Батталова
әйелдің саясаттағы рөлі жайында
TEDxAbayStWomen пен TEDxYouth AbaySt конференцияларының ұйымдастырушысы, Лейла Махмудова
феминизмнің үшінші толқыны туралы сөз қозғады

40 адам іс-шараның тыңдарманы атанып, талқылауға белсене қатысты.


Талқылаудың соңғы модулі «Ұят» қойылымын қарау болды. Қойылым Қазақстандағы жыныстық сауаттылық сынды өзекті мәселені көтереді.


Гендерлік теңдік, қоғамдағы кемсітулер, тұрмыстық зорлық-зомбылық, өзін анықтау мен білім беру маңыздылығы талқылаудың ең толғандырарлық тақырыптары болды.


Қатысушылар адам құқықтары мен олардың құндылықтарын құрметтемеу – жеке адамның және қоғамның дамуына кедергі деп қорытындылады.

«Еркіндік Қанаты» ҚҚ осындай форматтағы адама құқықтары арналған шараларды үнемі өткізіп отырады.
Толығырақ айтсақ, қоғамдық талқылаулар мен дискуссиялар. Себебі олар қоғамды өз пікірін білдіруде белсенді және еркін етеді, жағдайды саралауды үйретіп, басқа адам позициясын құрметтеуге баулиды.
18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA