Сайлауды бақылау
Сайлау кезіндегі тәуелсіз бақылау жайлы лекциялар мен семинарлар легі. Қор оларды 2016 жылдан бері өткізеді.
2019 жылы Кезектен тыс Қазақстан Республикасының президент сайлауы өтетіні жарияланғаннан кейін Қор өз алдына сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сайлау процесінің ашықтық мен әділдік тұсын тексеріп, мониторингін өткізе алатын тәуелсіз бақылаушылар тобын дайындауды мақсат етті.

2019 жылғы президент сайлауын бақылауға дайындық барысында Қор бақылаушылар үшін 10 білім беретін тренингтер өткізді.

Қамтылған қалалар тізімінде Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар мен Петропавл бар. Одан өзге тәуелсіз бақылау үшін вебинарлар мен видеосабақтар ұйымдастырды.
Одан өзге «Еркіндік Қанаты» 3 маусым Астанада тренерлерге арналған тренинг (ТОТ) өткізді. Тренерлерді үйреткен сарапшылар Елена Швецова, Роман Реймер, Олег Козырев пен Данил Бектурганов болды.

19 адам ТОТ қатысушылары атанды. Олардың ішінде тек Қор тренерлері емес, бізбен серіктес ұйымдардың тренерлері де бар.

Тренингтер барысында сайлау туралы заң негіздері үйретіліп, мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас орнату мен сайлау туралы заңды бұзған жағдайда тартылатын жауапкершілік те қарастырылды.


Тренинг қатысушылары мен сарапшылары қиын сұрақтарды талдап, сайлау учаскесіндегі мониторинг кезеңдерін дайындаған. Одан өзге жиі кездесетін құқық бұзушылықтар әрі бақылаушының құқықтары мен міндеттерін талдады.

Білім беру тренингтері нәтижесінде 2019 жылғы кезектен тыс президент сайлауы кезінде бүкіл Қазақстан бойынша 99 учаскедегі бақылаушылар жұмыс істеді. Ол 2016 жылғы парламент сайлауы кезіндегі қамтылған учаскелерге қарағанда 3 есе көп.

18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA
Leave your contact details and we will contact you soon!