Белсенділер, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері тренингтер, білім беру бастамаларын, дискуссиялар, кездесулер, көрмелер, дәрістер, фильмдер көрсетілімдері және басқа шараларды өткізе алатын бірегей ашық кеңістік.
Біздің кеңістігіміз адам құқығы мен демократиялық құндылықтар түрлі жобалар арқылы алға тартылатын алаңға айналатынына сенеміз.
Human Rights Hub Астанада Кенесары 8 (Кенесары-Сарыарқа қиылысы, кіреберіс Hostel 8 жақта орналасқан) мекен-жайы бойынша біздің қордың кеңсесімен бір ғимаратта орналасқан.
Кеңістіктің ауданы 52 м², сыйымдылығы - отыруға байланысты 35 адамға дейін.
Human Rights Hub қалай жұмыс істейтіндігі туралы кішігірім ақпарат
Кеңістікте іс-шара өткізу үшін сізге осы сілтеме арқылы кем дегенде 7 күн бұрын өтініш беру керек
Human Rights Hub аптаның кез келген күні 10:00-ден 22:00-ге дейін қолжетімді
Hub кеңістігін пайдалану ҮЕҰ мен азаматтық қоғам өкілдері үшін, сондай-ақ белсенділер, құқық қорғаушылар мен зерттеушілер үшін тегін
Кеңістік орындықтармен, проектормен, экранмен, флипчарт тақтасымен және маркерлермен жабдықталған; біз сонымен бірге су, станкандар және электр шайнекпен қамтамасыз етеміз
Жақында сізді және сіздің жобаларыңызды Human Rights Hub аумағында көреміз деп сенеміз!
18 + Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.