Бізге қазақстандық сот жүйесінің бұрыш-бұрышын аралауда сіздің жеке жолсерігіңіз болуға рұқсат етіңіз.
Егер сізді бейбіт шеруде ұстап алса, онда сіздің жақын арада құқық қорғау және сот жүйелерімен танысу мүмкіндігіңіз жоғары.
Қалыптасқан жағдайда заңнамаға қарсы келмейтін кез келген әдіспен күерсу, жеңіске жетуге тырысу немесе туындауы мүмкін залалды азайту және, әрине, нәтижесінде пайдалы және қайталанбас тәжірибе алу сіздің жеке мүддеңізде болуы керек.
Сіздің соттағы қызықтарыңыздың қосымша және ең маңызды нәтижеңіз (құқықтық қорғаудың барлық тәжірибелерінен өтіп, көпшілік назарын аударған жағдайда) баяу, сатылы, бірақ өте маңызды әрі сіздің қатысуыңызсыз ешқашан орын алмайтын құқық қолдану саласындағы өзгерістер болмақ.
Адвокаттар мен қорғаушылар әрдайым аз, ал көмек қажет ететіндер көп болғандықтан, біз сіздерге әкімшілік процесс аясында өзіңізді қорғау бойынша нақты нұсқаулық дайындадық.
Егер сізде бейбіт жиынға қатысуыңыздың нәтижесінде сізді ұстап алып, әкімшілік іс бастауы мүмкін деп алаңдайтын болсаңыз, онда есте сақтаңыз: сіздің сөзіңізден жазылған полиция хаттамасындағы сөздерді және сотта айтқандарыңыздың бәрін сізге қарсы қолданылуы мүмкін.
Ұстау-бұл әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы, полиция учаскесіне жеткізу бойынша ресімделеді, 3 сағаттан аспауы тиіс (егер сізге тағылған құқық бұзушылық санкция ретінде қамауға алуды көздемесе)
Егер сізді ұстаса, онда міндетті түрде хаттама толтырылуы керек.
Сізге хаттаманың көшірмесін беруі керек (онда нақты ұстау уақыты (минутқа дейін) көрсетілуі керек)
Егер сіз хаттама мазмұнымен келіспесеңіз, онда сіз оған қол өоюдан бас тарта аласыз
МАҢЫЗДЫ!
Сізді полиция қызметкері немесе штаттағыдай киінген адам сізді тоқтатқан және сіз еркін қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан сәт нақты ұстау деп саналуы керек.
Егер құқық бұзушылық әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын істер санатына жатқызылса, ұстап алу мерзімі – 24 сағаттан аспайды. Алайда жалпы ереже бойынша ол 3 сағаттан аспайды.
Сот талқылауының орны мен уақыты
Заң бойынша сізді істің қаралатын уақыты мен орны немесе жекелеген процестік әрекеттер жасалғаны туралы хабардар етуге және сотқа немесе органға (лауазымды адамға) хабарламалармен (ескертумен) шақыруы тиіс.
Істің қаралатын уақыты мен орны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада да көрсетілуі мүмкін екенін ұмытпаңыз
Тұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарламамен
Талонның жыртылатын бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама көшірмесімен бірге беріледі
Сот процесіне дайындық – бұл жеңіске жетудің кілті, сондықтан сіздің дайындық деңгейіңіз жеңіске жету немесе ұтылу туралы шешімге әсер етеді.
Жазбаша түрде түсініктеме дайындаңыз (сіздің болған жайт жайлы егжей-тегжейлі әңгімеңіз). Мазмұнын мұқият қадағалаңыз: айтқаныңыздың бәрін сізге қарсы қолдануы мүмкін.
Сот отырысының жалпы барысы мен сіздің құқықтарыңыз
Құттықтаймыз! Сіз барлық белестерден өтіп, өз ісіңіздің соттағы тыңдалымына қол жеткіздіңіз!
Қазіргі өлшемдер бойынша сіз қазірдің өзінде қаһармансыз!енді сізге сотта не болатынын түсіну маңызды..
Отырыс соттың қандай іс тыңдалып жатқанын жариялаудан басталады. Кейін сот сіздің тұлғаңызды анықтауы керек (өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс), одан кейін ол сіздің міндеттеріңіз бен құқығыңызды түсіндіреді.
Сот талқылауының барысында қандай құқықтарыңыз бар екенін білу үшін сілтемемен өтіңіз.
Содан кейін сот жағдайды жұмсартуы мүмкін сауалдарды қою ықтималдығы бар. егер олар сізде бар (Мысалы, сіз жалғызбасты, айлығыңыз өмір сүру минимумынан аз, көпбалалы анасыз) болса, олар туралы айтудан жасқанбаңыз. по ссылке.
Есіңізде болсын, әкімшілік қамаққа алу жүкті әйелдер мен он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге ешқандай жағдайларда да қолданыла алмайды.
Сіз осы санаттағы адамдарға жататындығыңызды сот отырысы барысында мәлімдеген жөн, сондай-ақ растайтын құжаттарды (мысалы, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі) ұсынуыңыз керек.
Істің материалдарын қарастырмас бұрын сот сізден өтініш айтқыңыз келе ме деп сұрайды. Дәл осы кезеңде сіз қорғаушыны процеске енгізе аласыз немесе егер сіз олармен бұрын таныспаған болсаңыз, іс материалдарымен танысу туралы өтініш бере аласыз. Бұл кезеңде куәгерлер шақырылуы мүмкін (ең алдымен сот ғимаратында бар адамдар).
Маңызды! Егер сізде куәгерлер болса, олар сізбен бірге жиналыс күні сотқа келіп, жиналыс басталған кезде зал есігінің сыртында болуы керек. Егер ықтимал куәгер залда болса, сот оған куәгер мәртебесінен бас тартады. Куәгердің жеке куәлігі болуы керек, ал сіз және сіздің қорғаушыңыз оның төлқұжатына сәйкес куәгердің тегін, атын және әкесінің атын нақты білуіңіз керек.
Соңында соттың іс материалдарымен танысуы басталады. Сот, әдетте, қол жетімді құжаттардың ең маңызды өте тез бөліктерін жариялайтын болады. Осыдан кейін сот сізден кінәні мойындайсыз ба деп сұрайды.
(бұл қандай да бір іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру туралы сотқа жолданған жазбаша өтініш) жарияланған іс материалдарына, атап айтқанда, іске қосымша материалдарды қосу туралы өтінішке қатысты. Есіңізде болсын, сіз кез келген уақытта соттан кез келген материалдармен қайта танысуды сұрай аласыз.
Осыдан кейін сот сізге болған жайтты баяндауға мүмкіндік береді. Сіз жағдай туралы өз нұсқаңызды айтасыз. Анық және даусыңызды шығарып айтыңыз. Сосын іске өзіңіздің алдын ала дайындаған жазбаша түсініктемеңізді іске қосуды сұраңыз.
Сот процесінің әртүрлі кезеңдерінде сізге әртүрлі өтініштер қажет болуы мүмкін.
Бастысы есте сақтаңыз: өтініштер тек қабылдануы үшін ғана емес, қабылданбауы үшін де беріледі — бұл апелляция кезінде маңызды дәлел болады. Сондай-ақ, әкімшілік істерді қарау кезінде сот хаттамасы жүргізілмейтінін және сіз айтқанның бәрі еленбеуі мүмкін екенін ұмытпаңыз, сотпен жазбаша түрде сөйлесіңіз.
Өтінішті сот кабинеті арқылы онлайн бере аласыз. Ол үшін сізде ЭСҚ (Электронды сандық қолтаңба) болуы керек: https://office.sud.kz
Апелляциялық шағымды дайындау кезінде жауапкершілікке тартудың негізсіздігіне немесе ІІО-да іс хаттамасын жасау және істі сотта қарау кезінде заңнама мен іс жүргізу нормаларын бұзуға не бір мезгілде екеуіне де сүйену қажет. Осы фактілердің кез келгені расталған жағдайда сіздің жеңісіңізге әкеледі – сот шешімінің күшін жою.
Апелляциялық саты істі басынан бастап алғашқы қарау мүлдем болмаған сияқты қайта қарайды. Бірақ олар істі қарау кезінде болған немесе болмаған процедуралық және басқа да бұзушылықтарға қызығушылық танытады.
Сот істің барлық материалдарын қайта қарап қана қоймайды, сонымен қатар объективті себептер бойынша бұрын бере алмаған қосымша дәлелдемелер мен түсіндірмелерді қарастыруға ашық кейіп танытады.
Сонымен қатар, осы кезеңде куәгерлер өздерінің айғақтарын нақтылай алады. Қосымша түсініктемелер мен дәлелдемелердің көмегімен сіз аудандық соттың сіздің кінәлілігіңіз туралы тұжырымдарын жоққа шығара аласыз әрі алдыңғы сот куәгерлерден жауап алу арқылы бар қарама-қайшылықтарды жоймағанын көрсете аласыз.
Қаулыны өзгеріссіз қалдырып, шағым мен апелляциялық өтінішті қанағаттандырмау
Осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату
Қаулының күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару
Заң бойынша апелляцияға берген уақытта қайта қалпына келтіріп көре аласыз. Әдетте бірінші сатыдағы соттар беру уақытын оңай қалпына келтіреді, өйткені екінші сатыдағы басқа соттар істі әрі қарай қарайды. Уақытты қалпына келтіру үшін дәлелді себеп болуы керек, бірақ заңдарда мұндай себептердің нақты тізімі жоқ. Ең бастысы, сот себебін орынды деп санаса болды. Көбінесе соттар азаматтарға осы құқықтан айырудан гөрі шешімге шағымдануға құқық берген дұрыс дейді, сондықтан дәлелді себеп болмаса да, сіз уақытты қайтару үшін шағымдануға тырысуыңыз керек.
Сот шешімді тиісті уақыттан ұзақ шығарды немесе ол сізге жіберілмеді
Ауру немесе дәрменсіз хал
Іс-сапар
Түрлі отбасылық жағдайлар
Дүлей апаттар мен басқа да себептер
Өтінішке сіз уақытты өткізіп алғаныңызды дәлелдейтін түрлі құжаттарды қосуға болады. Апелляциялық арызы бар өтінішті бірінші сатыдағы сот канцеляриясына беріңіз немесе арнайы хатпен пошта арқылы жіберіңіз. Егер өтінішті құптаса, онда сот шағымды екінші сатыдағы сотқа жібереді.
Осы нұсқаулықты дайындау барысында ovdinfo.org сайтындағы материалдар үзінділері қолданылған.