Анна Франк: Тарих сабақтары
«Анна Франк: Тарих сабақтары» экспозициясы – Анна Франк өмірі мен Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Холокост жағдайларына арналған халықаралық көрме.
2015 жылдың ортасынан бастап «Еркіндік Қанаты» ҚҚ «Анна Франк: Тарих сабақтары» жобасын жүзеге асыруда.

Экспозиция еркіндік, теңдік, демократия сынды адамның әрекеттері мен тәрбиесін анықтауы керек негізгі құндылықтарды көрсетеді. Көрме де адам құқықтарының құндылықтары мен мәні туралы сөз етіп, осы нәрсеге үйретеді.

Бұл гид-волонтерлерге арналған бірқатар дайындық тренингтер мен Анна Франк өміріне тікелей қатысы бар көрмені қамтитын білім беру жобасы.

Тренинг өткеннен кейін гид-волонтерлер өз қалаларында «теңге тең» қағидасы бойынша көрме өткізеді. Ол қағида бойынша мақсатты аудиторияға білімді солардың бірі береді. Яғни құрдас құрдасқа.

Қазақстанда жүзеге асып жатқан 3 жыл ішінде көрме еліміздің 13 қаласында болып шықты.

Ол тізімде Ақтау, Алматы,Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Тараз, Семей, Шымкент, Орал, Өскемен мен Қостанай сынды қалалар бар.
400-ден астам гид-волонтерлер дайындық тренингтерінен өтіп, өз қалаларынла 9000-нан астам қонақты қамтыған көрмені өздері өткізді. Жоба бірнеше мәрте БАҚ назарына түсіп, қазақстандық аудиторияда жақсы қабылданды.

Көрме Анна Франк өмірі, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы мен осы жобаның бүгінгі таңдағы маңыздылығы жайлы толық ақпарат көрсетілген 33 стендтен тұрады.

Экспозиция Анна Франкқа арналған және әлемді аралап жүреді.

Осы сәтке дейін ол Оңтүстік және Солтүстік Америка, Канада, Қытай және бірқатар Еуропа мемлекеттерін қоса санағанда әлемнің 60-тан астам елінде болып қайтқан.
Жылжымалы көрмені дүниежүзі бойынша 12 миллионнан астам адам көріп шыққан. Олардың жартысы – жастар.

Көрме Амстердамдағы аты әлемге танымал «Анна Франк үйі» мұражайымен дайындалған. Оның мақсаты -


Одан өзге көрме еркіндік, теңдік, демократия сынды адамның әрекеттері мен тәрбиесін анықтауы керек негізгі құндылықтарды көрсетеді.


Анна Франк өмірінің ғибратты оқиғасы XXI ғасырда да өзекті. Ол көрме қонақтарына өткен шақ оқиғалары мен осы шақтағы жағдайды салыстыруға көмектеседі.

Жобаның бүкіл елдегі жастарға деген маңызын түсіне отырып, біз белсенді гид-волонтерлерді Астанада жинауға бел будық.

2019 жылдың наурыз айында еліміздің 6 қаласынан әділ конкурс нәтижесінде іріклетіп алынған 21 гид-волонтер адам құқықтары бойынша ілгерінді тренингтен өтті. Тренингті өткізген – танымал ресейлік құқық қорғаушы Андрей Юров.
Тренингтің негізгі мақсаттары келесідей болды:
  • 1
    Адам құқықтары бойынша тереңдетілген білім мен сарапшылдық ұсыну
  • 2
    Жобалық жоспарлау қабілеттерді дамыту
  • 3
    Жоба амбассадоры атанған ең белсенд деген волонтерлерді тартып, оларды өзара таныстырып, халықаралық жобаға қатыстылығын көрсету мақсатында олардың арасында байланыс орнату.
  • 4
    Амбассадорларды жаңа ойлар мен жобаларға шабыттандыру
  • 5
    Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы жастардың белсенді өкілдерінің тобын құру.
18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA