Бақылаушылар деген кім?
Сайлауды бақылау деген не, бақылаушы деген кім және сайлауды кім бақылай алады. Сайлау учаскелерінде бақылаушылар не үшін қажет?
ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-КУРС
Бақылаушы деген кім?
ҚАЛАЙ БАҚЫЛАУШЫ БОЛАМЫН
Изучить
ҚАЛАЙ БАҚЫЛАУШЫ БОЛАМЫН
Сайлауды бақылау деген не?
Бұл билікті əділ жəне дұрыс жолмен ауыстыруды қамтамасыз ету үшін сайлау процесінің барлық компоненттері жергілікті заңнама мен халықаралық стандарттарға сай болуын тексеру мақсатында қадағалау (мониторинг жүргізу) процедурасы.
Бақылауды халықаралық жəне жергілікті, ұлттық ұйымдар – саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар жүргізе алады.

Бұл курста қоғамдық ұйымдар атынан бақылауды үйренеміз.
Бақылау сайлаудың келесі компоненттерін қамтиды:
сайлау алды кезеңі (ресми жəне бейресми сайлау кампаниялары, кандидаттарды тіркеу процедурасы, олардың кампаниясының БАҚ-та жариялануы, кандидаттардың түрлі ресурстарды пайдалану мүмкіндігінің тең болуы).

сайлау күні (сайлаушылардың қатысу белсенділігі, дауыс беру процедурасы, дауыс санағының басталуы, кандидаттар іс-əрекеті, жергілікті медиалардың бас тақырыбы, ОСК жұмысы).

ресми нəтижелерді жариялау сəтінен бастап сайлаудан кейін (нəтижелерге шағымдану мүмкіндігі, шағымдар жəне оларды қарастыру процедуралары, кандидаттар іс-əрекеті, жергілікті медиалардың бас тақырыбы).
Бақылаушы деген кім?
Бұл сайлаудың қалай өтіп жатқанын бақылайтын адам. Ол дауыс беру күнін бір немесе бірнеше учаскеде өткізеді. Бақылаушы міндеті – сайлау туралы заңның сақталуын тексеру, ал егер заң бұзушылықтар болса, оларды тіркеу жəне болдырмауға ықпал ету.
Қазақстан Республикасының жасы 18-ден асқан жəне сайлау учаскесіне аккредитация алған кез келген азаматы бола алады. Бақылауды ұйымдастыруға жəне аккредитация беруге саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құқылы, яғни бақылау үшін мəселен, қоғамдық ұйымға қосылу қажет. Бұл орайда сіздің қайда тіркелгеніңіз, тұратыныңыз, оқитыныңыз немесе жұмыс істейтініңіз маңызды емес – сіз өз қалаңызда немесе ауылыңызда бақылау жүргізе аласыз. Егер шетелде тұрып жатсаңыз – сіз Қазақстан елшілігінде дауыс бере аласыз жəне сайлауды бақылау аласыз.
Сайлауды бақылаудың қажеті не?
Қазақстанда биліктің қайнар көзі – халық, ал сайлау – халықтың осы билікті жүзеге асыратын, яғни елді басқаратын басты құралы.

Сайлау Конституциямен, «Сайлау туралы» конституциялық заңмен, сондай-ақ халықаралық стандарттармен реттеледі. Егер сайлау заңға сай өткізілсе, билікке жеткендер халық талабына құлақ асатын болады, ал проблемалар жаңа саяси бағдарламалар арқылы шешіледі.

«Мен үшін бəрін шешіп қойды» деп ойлайтындар көп, сөйтіп қоғамның елді басқару функциясын өз қолына алуына кедергі жасайды.

Сайлауда дауыс беру, сонымен бірге сайлаудың əділ өтуі жəне нəтижелердің бұрмаланбауы үшін, заңның сақталуын қамтамасыз ету жəне халық алданып қалса дауыстарын қорғап шығу үшін бақылау өте маңызды.
Бақылау күні қалай өтеді?
Бақылаушы оны қоғамдық ұйым жіберген сайлау учаскесіне барып, күні бойы осында жүреді: учаске ашылмастан жарты сағат бұрын келеді (таңғы сағат 06:30), сөйтіп кешке дауыс беру аяқталғанда жəне сайлау комиссиясы нəтижелерді шығарғанда қайтады.
Күні бойы бақылаушы дауыс берудің барысын қадағалайды, аралық есептерін дайындайды.
Оған қоғамдық ұйымның координаторы бекітіледі, бақылаушы оған кез келген мəселе бойынша хабарласып тұра алады.

Кешке қарай учаске жабылған соң сайлау комиссиясы дауыстарды жəне қолданылмаған бюллетеньдерді санайды. Мұны да бақылау керек, ал санақ аяқталған соң комиссия бақылаушыға дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін беруге міндетті.
Бұл құжатты ол бақылауды жүргізген ұйымға апарып табыстайды.
Бақылаушылардың 2 түрі:
Шетелдік жəне халықаралық ұйымдардың бақылаушылары (мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым атынан). Олардың міндеті – елдегі сайлаудың еуропалық стандарттарға қаншалықты сай келетінін бағалау;

Жергілікті бақылаушылар:
1. қазақстандық саяси партиялардан
2. қоғамдық ұйымдардан

Жергілікті бақылаушылар тек заң бұзушылықтарды тіркеп қана қоймайды, олардың жойылуына ықпал етеді, шағымданады жəне қоғам дауысын қорғау үшін өзара біріге алады.
Тəуелсіз бақылаушы деп қоғамдық ұйымдардан əрекет ететіндерді атайды, себебі олар саяси партиялардан бақыламайды, олар нақты бір кандидаттың жеңіске жетуіне мүдделі емес. Оларға кімнің жеңіске жетуі маңызды емес – бастысы заңның сақталуы жəне адал бəсекенің болуы.
Тəуелсіз бақылаушылар деген кімдер?
Мен қандай да бір кандидатқа бүйрегім бұрып, соған дауыс бергім келсе немесе бір партия мүшесі болсам не істегенім жөн?
Бақылаушылар өз жұмысы үшін ақша ала ма?
Мұндай жағдайда сайлау штабына хабарласып, сол кандидат немесе партия бақылаушысы болғаныңыз жөн.
Сіздің міндетіңіз өз кандидатыңыздың дауыстары дұрыс саналып, ұрланбауы болмақ.
Бақылауға ақша табу үшін емес, əділ сайлауды қамтамасыз ету үшін барады. Бақылау жүргізетін ұйымдарда бұған бюджет қарастырылмауы жəне өздері волонтер ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Бірақ кейде олар бақылаушының ұялы байланысын, жол ақысын, ас-ауқатын өтеуі мүмкін.
Қалай тəуелсіз бақылаушы бола аламын?
Қоғамдық ұйымдарды іздеңіз. Ұйым сайтына кіріп олардың немен айналысатынын, қандай мақсат ұстанатынын жəне өзіңіздің мақсатыңызға сай екенін мұқият зерттеңіз.
Өзіңіз сенім білдірген ұйым бақылаушысы болыңыз.

Дайындықтан өтіңіз. Кейбір бақылаушы ұйымдар бақылау ережелерінің барлығын түсіндіретін тренингтер өткізеді. Немесе осы онлайн-курстан өтуге жəне бізге жазылуыңызға болады.

Бақылаушы аккредитациясын алыңыз. Бұл не құжат екенін жəне оның неге қажет екенін ары қарай айтып береміз.
1.
2.
3.
Бақылаушы куəлігі / аккредитация.
Бұл сайлау учаскесіне кіруге құқық беретін билет.
Оны сіз өкілдік ететін қоғамдық ұйым береді.
Куəлікте / аккредитацияда сіздің толық аты-жөніңіз, бақылау күні, сіз бақылау жүргізетін ұйымның атауы жазылады жəне осы ұйымның мөрі басылады.
!
Бақылаушы куəлігі немесе аккредитация тек тұлғаның жеке басы куəлігінің түпнұсқасы !
болған жағдайда ғана жарамды.
Бұл екі құжатты да учаскеге кіргенде сайлау комиссиясының төрағасына көрсету қажет.
Кейде комиссия сіздің аккредитацияңызды алып қалуы мүмкін, сондықтан түпнұсқаның екі данасын дайындап қойыңыз.
СІЗ ЕКІНШІ САБАҚТЫ АЯҚТАДЫҢЫЗ!
Бақылаушыларға оқиғалары
ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-КУРС
Бақылаушылар оқиғалары
БАҚЫЛАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕГІ ƏДЕПТЕР
Изучить
БАҚЫЛАУШЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕГІ ƏДЕПТЕР
Сайлау күніне дейін.
Бақылаушы құқылы:
Сайлау учаскелерінің дайындығын, үгіт-насихат материалдарының болмауы сияқты заң талаптарының орындалуын алдын ала тексеруге (негізінен түскі 14:00-ге дейін келген жөн);

Сайлау күні учаскедегі орындардың жоспарымен танысуға.

Орындардың бақылаушыларға дауыс беру, дауыс санау процестерін бақылауға мүмкіндік беретін жерден берілгеніне көз жеткізуге;

Сонымен қатар, учаскеге мүмкіндігі шектеулі адамдардың келуіне жағдай жасалғанына көз жеткізіңіз (пандустар, едендегі көзге анық көрінетін ленталар, Брайль шрифтімен жазылған тақтайшалар, табалдырығы жоқ кабиналар);

Сайлау комиссиясы мүшелерімен танысуға.
Сайлау күні.
Сайлау басталмай тұрып учаскеге кіруге, учаскеде сайлау процестері толық көрінетін, процесті жіті қадағалауға мүмкіндік жасалған жерде жүріп-тұруға (дауыс беру процесіне кедергі жасамай);

Сайлаушылар саны туралы ақпарат алуға;

Сайлау процесіне кедергі жасамай, фото, дыбыс жəне бейне жазбалар жасауға;

Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санау жəне жою барысын қадағалауға;

Дауыс беру нəтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына табыстау рəсіміне қатысып, бақылауға;

Заң бұзушылықтар дерегін тіркеп, акті жасауға. Бұл акті үш данада жасалады. Біреуін сайлау учаскесінің төрағасына тапсырады, ал төраға актіні қабылдағаны туралы белгі қоюы тиіс.
Бақылаушы құқылы:
Дауыс беру аяқталған соң.
Бақылаушы құқылы:
Дауыс беру аяқталған соң, дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куəландырылған (мөрі басылған) көшірмелерін алуға құқылы.

ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда айтылған талаптар бұзылған жағдайда, ол туралы сайлау комиссиясы мүшелеріне ескерту, бұл фактілерді тіркеп, акті жазуға жəне табыс етілгені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыстарды санау хаттамасына бақылаушылар жасаған актілерді бірге тіркеп өткізуге міндетті.

Бақылаушы тəуелсіз бақылау ұйымымен бірлесіп сайлау учаскесінде болған заңсыздықтар, комиссияның немесе оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Бақылаушы міндеттері:
Өзінің бақылаушы екенін дəлелдейтін құжаттарын, жеке басын куəландыратын құжаттарын алып жүруге;

Заң бұзу фактілерін тіркеп, акті толтыру
(акт бланкілерін тіркелген ұйымыңыз береді);

Дауыс беру, дауыстарды санау процестеріне, сайлау комиссиясының шешімдер қабылдауына кедергі жасамау;

Фото, видео түсірілімдер жасап, өз ескертулерін құжат түрінде бекітіп, нақты жəне тексеруге болатын фактілермен негіздеу;

Бақылау кезінде нақты бір үміткерге, саяси партияға бұра тартпау, əділетсіздікке жол бермеу, заң талаптарының бұрмалануына жол бермеу;

Сайлау учаскесіне дауыс беруге келген əрбір сайлаушыны есепке алып, жазып отыру;

Сыпайы жəне мəдениетті болыңыз, ешқандай кикілжіңге жол бермеңіз;

Заң бұзушылық туралы актіні өз кураторыңызға жолдаңыз.
Бақылаушының құқықтары ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңының
2 тарау, 20-1 бабында көрсетілген.
Бақылаушының құқықтары ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңының
2 тарау, 20-1 бабында көрсетілген.
Сайлау комиссиясы төрағасына ескертіп, заң бұзушылықтың алдын алуға тырысамын.
Болған жағдай туралы акті жасап, куəгерлерге қол қойдырамын.
Сайлаушылармен сөйлесуге;

Сайлаушыларға бюллетеньдер беруге, сайлау комиссиясының үстелінде жатқан құжаттарды ұстауға;

Сайлаушы өтініші бойынша бюллетень алғаны үшін қол қоюға, бюллетеньді толтыруға;

Дауыс беру құпиясын бұзатын қандай да бір əрекеттер жасауға, сайлаушылар дауыс беріп жатқанда кабинаға кіруге;

Сайлауға түскен үміткерлер, саяси партиялар туралы ақпаратты сайлаушыларға айтуға, үгіт-насихат жүргізуге;

Дауыстар санағы кезінде сайлау учаскесі мүшелеріне көмектесіп бюллетеньдерді санауға қатысуға;

Сайлау комиссиясы жұмысына кедергі келтіруге;

Сайлау кезінде учаскеден өз бетімен шығып кетуге;

Сайлау комиссиясының мүшелерінен, үміткерлерден, сайлаушылардан сый-сияпат алуға;

Учаскеде ұрыс-керіс бастауға, айқайлап, дауыс көтеруге
Сайлау учаскесінде заң бұзу анықталды. Сіздің əрекетіңіз?
БОЛМАЙДЫ!
Сайлау күніне дейін.
Бақылаушы учаскеде ешкімге тəуелді емес, оған ешкім бұйыра алмайды. Бақылаушы тек ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңын жəне өзіне жолдама берген тəуелсіз бақылау ұйымының нұсқаулықтарын басшылыққа алады.

Бақылаушы сайлау комиссиясының жұмысына бақылау жүргізеді. Сонықтан сайлау кезінде сайлау комиссиясының мүшелерінен, сайлаушылардан, үміткерлерден ешқандай сый-сияпат алмағаны жөн. Комиссия мүшелері шақырған дастарханнан сыпайы түрде бас тартқаныңыз абзал.

Бақылаушының басты миссиясы – сайлау процесін басынан аяғына дейін жіті бақылау. Ол бейтарап, сабырлы жəне сауатты болуға тиіс. Қандай жағдай болса да, миссияны орындау үшін эмоцияға берілмей, əр əрекетке жауапкершілікпен қарау қажет.
Бақылау процесінде тек өзіңізге сенім артыңыз.
Сіз үшін өзге адам "бақылай тұра" алмайды. Мүмкіндігінше бақылау орнынан темекі шегу, телефон шалу сияқты себептермен үзілістерге шықпаңыз. Дегенмен, бақылауды сəтті аяқтау үшін сізге мүдделес адамдар қажет. Мəселен, акті толтыру кезінде куəгер ретінде қол қояды. Сондықтан өзге бақылаушылармен, сайлау комиссиясының мүшелерімен барынша сыпайы болуға, жан жақты байланыс орнатуға тырысыңыз.

Сайлау учаскелерінде сізді тек заң ғана қорғайды.
Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді жетік білсеңіз, бұл сізді көптеген қиындықтардан алып шығады. Сонымен қатар өз тəуелсіз ұйымыңыздың кураторымен сөйлесіп, ақыл-кеңес алып тұрғаныңыз жөн.

Есіңізде болсын, сайлау учаскесіне жалғыз
барсаңыз да, сіз өз бақылау ұйымыңыздың қорғауындасыз. Бақылау ұйымының кураторымен əрдайым байланыста болыңыз.
Туындаған кез келген проблемалардан шығар
жолды көрсететін, қиын жағдайларда қолдау білдіретін үлкен ұйым мен білікті команда барын ұмытпаңыз.
Күнделікті өмірде көмектесер едім, бірақ бақылаушы ретінде бейтарап болуым шарт. Əрі бөгде нəрселерге көңіл бөліп тұрғанда, заң бұзу фактісін көрмей қалуым мүмкін. Сондықтан бұл мəселені сайлау учаскесінің мүшелеріне тапсырамын.
Сайлау учаскесіне бір қарт кісі келіп, көзінің нашар көретінін айтып, көмектесуін өтінді.
Сіздің əрекетіңіз?
СІЗ ТӨРТІНШІ САБАҚТЫ АЯҚТАДЫҢЫЗ!
БАҚЫЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Изучить
БАҚЫЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Сайлауға дайындық.
Сайлаудан бір күн бұрын жақсылап тынығыңыз. Маңызды миссияны орындауға мұқият дайындалыңыз.

Алаңсыз көңіл-күй, қанық ұйқы – табысты бақылау кепілі.

Смартфон, электронды құрылғыларыңызды да дайындауды ұмытпаңыз. Камералардың жадын босатып, телефон қуатын толтырып қойыңыз. Қосымша қуаттау құрылғылары болса, оларды да қуат көзіне қойыңыз.

Телефоныңыздағы балансты тексеріңіз, интернет трафигінің жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Сайлау күні сізге əдеттегіден де көп деректер жіберу, сөйлесу қажет болуы мүмкін.

Əлеуметтік желідегі аккаунттарыңыздың қауіпсіздігіне назар аударыңыз. Аккаунттарыңыздың екі кезеңді аутентификациясын орындаңыз. Сайлау күні түрлі жағдайларға дайын болу қажет.
Сайлау учаскесіне не аламыз?
Құжаттарыңыз: жеке басыңызды куəландыратын құжат жəне тəуелсіз бақылаушы екеніңізді дəлелдейтін құжат, аккредитация;

Бақылаушының басты қаруы – қағаз бен қалам. Жақсы жазатын бірнеше қалам мен А4 форматты қағаз, заңдардың үзінді көшірмесі, бақылаушы күнделігі, блокнотты ең алдымен салып қойыңыз. Бұл құжаттарды сіздің тəуелсіз бақылау ұйымыңыз береді.

Сайлау таңғы алтыда басталып, түн ортасында аяқталуы мүмкін. Сондықтан осы аралықта өзіңізге жететін сусын, тіске басар (жаныңыздағы адамдарға ыңғайсыздық тудырмай, жылдам жеуге ыңғайлы бутерброд, шоколад батончиктер, банан сияқты қуатты əрі тез қорытылатын тағамдар) алыңыз;

Сайлау учаскесіндегі адамдардың көптігі, болған оқиғалардың əсері басыңызды ауыртып, қысымыңызды көтеруі əбден мүмкін. Сондықтан өзіңіз қабылдайтын ауруды басатын дəрі-дəрімектер де артық болмайды;

Сайлау учаскесінде кондиционерлер орнатылуы мүмкін сондықтан жылы күртешеңізді алғаныңыз жөн.

Алдын ала зарядталған телефон, камера, пауэр банк, зарядтау құрылғысын немесе өзге де электронды құрылғыларыңызды ұмытпаңыз.
Сайлау учаскесінде.
Сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының мүшелерімен, өзге бақылаушылармен танысыңыз. Олармен сайлау аяқталған соң дос болып кетуіңіз екіталай, алайда сіз өз қызметіңізді сəтті атқару үшін олардың да көмегі қажет. Сондықтан барынша сыпайы болыңыз.

Қандай да бір жағдай бола қалса, эмоцияға емес, заң баптарына сүйеніп сөйлеуге тырысыңыз. Бұл сіздің біліктілігіңізді көрсетеді əрі қауіпсіздігіңізге де кепіл болуы мүмкін.

Сыпайы болу деген сөз əркімнің ығына жығылуды білдірмейді. Аз сөйлеп, өз принциптеріңізге адал болыңыз. Ешкімнен сыйлық, материалды құндылыққа ие заттар, ас-ауқат алмаңыз.

Əдетте ең "белсенді күрескерлерді" мəреге жеткізбей сылтау тауып шығарып тастауға тырысады. Сондықтан "қойдан жуас" болып жүру өзіңізге тиімді. Дегенмен егер құқық бұзушылықтар болып жатса, жуас қой нағыз қасқырға айналуы керек.
Қауіпсіздік кепілі.
Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі – заңды жетік білу жəне дəлелдер.
Өз сөзіңіздің растығын дəлелдейтін дəйектер жинауға тырысыңыз. Ол үшін фото, видео түсірілімдер жасауыңызға болады.

Кейін бұл материалдарды сотта немесе арыз-шағым жіберген кезде дəлел ретінде пайдаланасыз. Түсірілген фото, видеоматериалдардың көшірмесін сақтық үшін сенімді адамға жіберіп отырыңыз. Бұл сіздің телефон жадын босату үшін жəне телефоныңыз бөтен адамдардың қолына түсіп, деректерді өшірген жағдайда қажет болуы мүмкін.

Сіздің тəуелсіз бақылау ұйымыңыз куратор мен үйлестіруші арқылы əрқашан байланыста болады. Сайлау күні бақылау ұйымдары "жедел желі" ұйымдастырады, келісілген уақытта аралық есепті жіберіп тұрасыз. Қажет жағдайда сізді қолдау үшін үйлестірушіні немесе заңгерді жібере алады.
Конфликт туындаған жағдайда.
Конфликтті жеңіп шығудан гөрі, оны болдырмаған дұрыс.

Сондықтан сайлау учаскесінде конфликтті болдырмауға тырысыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, сіз өкілдік ететін ұйым үйлестірушісіне хабарласып, сізді алмастыруды сұраңыз.

Сізбен бірге бақылаушы ретінде қатысып отырған бақылаушылардың аты-жөнін, контактісін алыңыз. Олар жағдайдың куəгері ретінде көмек көрсетуі мүмкін.

Кез-келген жағдайда сабырлы болыңыз. Сіз бақылаушы болған учаскеде заңсыздықтар болып, сізге қысым көрсетілсе де, сізді учаскеден шығарып тастаса да, бұл бақылаудың осымен сəтсіз аяқталғанын білдірмейді. Сіз өзіңізге қатысты жасалған заңсыз əрекетке шағым жасап, сайлау комиссиясына, сотқа шағым жасай аласыз. Заң əрқашан сіздің жағыңызда. Егер сізді шығарып тастаса, комиссия төрағасы, не басқа да комиссия мүшесі сізге не үшін шығарғаны туралы хаттаманы беруге міндетті.
СІЗ БЕСІНШІ САБАҚТЫ АЯҚТАДЫҢЫЗ!
ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-КУРС
Бақылаушының жүйке жүйесін сақтау амалдары
Бақылаушының жүйке жүйесін сақтау амалдары
Сайлау процесі кезінде ұстамды болу және күйзелісті жеңу бойынша психолог кеңесі.
Бақылау күні күйзелісті қалай жеңуге болады?
Әдейі провокация жасалғанда не істеу керек?
Ал енді бірінші модульді қаншалықты меңгергеніңізді тексергіңіз келсе, алдағы уақытта қандай жайттарға назар аударуыңыз қажет екенін көрсететін шағын тестіден өтіп көріңіз.
Тестіні бастау
Бақылаушы болудың шарттары:
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Тәуелсіз бақылаушы дегеніміз:
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Тәуелсіз бақылау ұйымын қандай критерийлер бойынша таңдаған жөн?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Бақылаушы куәлігін қайдан алады?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сіз тәуелсіз бақылаушысыз. Бірақ сіз дауыс беретін учаске бақылау
жүргізетін учаскеден алыс орналасқан. Сіздің әрекетіңіз?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сайлау учаскесінде фото, видеоға түсіру үшін рұқсатты қайдан аламын?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сіз бақылау жүргізетін учаскеде заң бұзушылықтар орын алды.
Алайда сайлау комиссиясының төрағасы сіздің ескертуіңізді елемей, заң
бұзушылықты жалғастыра берді. Сіздің әрекетіңіз?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сіз бақылау жүргізіп отырған учаскеге бір рет дауыс беруге келген бір
топ адам біраз уақыттан соң қайта келіп бюллетень алмақшы. Сіздің
әрекетіңіз?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру кезінде сұранысыңыз
бойынша сізге қандай ақпарат беруге міндетті:
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сайлау барысында учаскеге бейтаныс адам келіп, өзін осы сайлау
өтіп жатқан мекеме басшысымын деп таныстырады. Ол сізден
учаскеден шығуыңызды талап етті. Қандай жағдайда сіз учаскеден
кетесіз?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сіздің бақылаушы екеніңізді дәлелдейтін құжат:
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Тәуелсіз бақылаушы қандай болуы керек?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Конфликті жағдайы туындаса, ең алдымен кімге хабарласу қажет?
Ары қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Плохой результат
Тағы бір рет өту
Средний результат
Тағы бір рет өту
Хороший результат
Тағы бір рет өту
СІЗ БІРІНШІ МОДУЛЬ АЯҚТАДЫҢЫЗ!