Тренингтер барысында сайлау туралы заң негіздері үйретіліп, мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас орнату мен сайлау туралы заңды бұзған жағдайда тартылатын жауапкершілік те қарастырылды.
Тренинг қатысушылары мен сарапшылары қиын сұрақтарды талдап, сайлау учаскесіндегі мониторинг кезеңдерін дайындаған. Одан өзге жиі кездесетін құқық бұзушылықтар әрі бақылаушының құқықтары мен міндеттерін талдады.
Білім беру тренингтері нәтижесінде 2019 жылғы кезектен тыс президент сайлауы кезінде бүкіл Қазақстан бойынша 99 учаскедегі бақылаушылар жұмыс істеді. Ол 2016 жылғы парламент сайлауы кезіндегі қамтылған учаскелерге қарағанда 3 есе көп.