Адам құқықтары бойынша хакатон
бұл үш күндік шығармашылық шеберхана, форум және жаңа технологиялар, өнер және азаматтық белсенділік арқылы адам құқықтары саласындағы маңызды мәселелерді бірлесіп іздеуге және шешуге арналған арт-алаң

Хакатон қатысушылары - дәрістер сериясын тыңдап, содан кейін топтарға біріге отырып, жобалық шеберханаға қатысатын әртүрлі салалардың өкілдері.

Хакатонның нәтижесі құқық қорғау саласындағы проблемаларды инновациялық және шығармашылық әдістер арқылы шешетін жобаларды әзірлеу және дамыту болып табылады.
Қор Адам құқықтары бойынша екі хакатон өткізді – 2017 жылдың желтоқсанында Халықаралық Адам құқықтары күніне арналған хакатон және 2019 жылдың маусым айында.
Жүзден астам адам Хакатонға қатысуға өтініш береді және тиянақты іріктеуден кейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 адам ғана қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қатысушылар - әртүрлі ұйымдарға, жастар бірлестіктері мен клубтарына мүше немесе адам құқықтары саласындағы маңызды мәселелердің техникалық немесе басқа шешімі бар 18-35 жас аралығындағы жаста жеке белсенділер, суретшілер, веб-дизайнерлер және студенттер.

Жобаның спикерлері мен тренерлері тәжірибесі мен сарапшылдығы үлкен, әлемнің түрлі мемлекеттерден шақыртылады. Олар жобалық жоспарлауға үйретіп, кеңес беріп, Хакатон қатысушыларына өз ойларын жүзеге асыру .шін мотивация береді.

Хакатон нәтижесінде жобалар презентациясы жасалып, жеңімпаздар диплом және ақшалай сыймен марапатталды.

Жүлделі орын жеңімпаздары келесідей жобаларды жүзеге асырды:

  • 1
    «Көрінбейтін адамдар» арт-инсталляциясы
  • 2
    «Алдар көсе» әлеуметтік комикстары
  • 3
    Eсту қабілеті зақымданған жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Жүрекпен тыңда» жобасы
  • 4
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған графикалық дизайн бойынша онлайн видеосабақтары бар «Онлайн графикалық дизайн» сайты
  • 5
    «Мектептегі стандарттар сақталуының мониторингі»
  • 6
    QALTADA мобильді қосымшасы
  • 7
    Сайлауды бақылау бойынша ASH мобильді ойыны
  • 8
    StopBullying сайты
«Еркіндік Қанаты» ҚҚ қатысушыларды қолдап, кеңес беріп, жобаны жүзеге асыруда сүйемелдейді.
18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA