Бұл есеп 2025 жыл мен 2026 жылдың басындағы Қазақстандағы
бейбіт жиын еркіндігінің жай-күйін саралайды. Есепте бейбіт жиын
еркіндігі құқығының заңнамалық негіздері мен аталған уақыттағы сот
тәжірибесі жан-жақты талданған.
Есеп тек ресми құжаттарға, соның ішінде ақпарат алу сауалдарына,
бейбіт жиын өткізу жөніндегі хабарламалар мен оларға берілген жау-
аптарға, соттардың талап қою арыздары, ұйғарымдары, қаулылары
мен шешімдері сияқты сот құжаттарына негізделген.
Бұл зерттеуді «Еркіндік қанаты» ҚҚ «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін (CS4K)» жобасы аясында дайындады. Аталған жобаны «Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт» (IWPR) пен «Ұлттық және Халықаралық Дамыту Бастамалары Институты» ҚҚ (ҰХДБИ) Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен серіктесіп жүргізеді.
Бұл есеп «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумды бақылау нәтижелеріне сүйеніп әзірленді.
Зерттеудің мақсаты – әртүрлі білім беру бағдарламасын және осы бағдарламаларға қатысы бар агенттер мен қатысушыларды талдау және олардың теңсіздік, әділетсіздік және кедейлік секілді жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелермен өзара байланысын анықтау.
Бұл жинақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға және басқа да байланысты НҚА мен ережелерге ерекше назар аудара отырып, ҚР-дағы сайлауды бақылаудың құқықтық негіздерін талдау болып табылады.
Жинаққа бақылаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттерінің тізімі, сондай-ақ 2023 жылы енгізілген бақылаушы ұйымдарды аккредиттеу процедурасын қоса алғанда, өзгерістерге шолу жасалды. Сонымен қатар, жинақ деректерді жинау мен талдаудың әртүрлі әдістерін, адвокациялық стратегияларды және бақылаушылардың физикалық және цифрлық қауіпсіздігін талқылауды қамтиды.