Қауіпсіздік

Жеке
Телефон
Компьютер  

Банктер мен карточкалар

- Ақша аудару үшін картаның нөмірін білу жеткілікті, егер сізден одан көп нәрсе сұралса, алаяқтар екенін білуіңіз керек! Банк қызметкерлері ешқашан картаның CVV, SMS немесе PIN кодын сұрамайды.

- Жарамдылық мерзімі, CVV2 / CVC2 кодын ешкімге айтуға болмайды.



- SMS арқылы алынған құпия сөз құпия ақпарат болып табылады, оны сізден басқа ешкім білмеуі керек.

- Одан өзге картаңыздың деректерін Интернетте орналастырмаңыз және оны мессенджерлерде жібермеңіз.

- Егер сіздің әмияныңыз немесе банк карталары ұрланғанса, онлайн-қосымшада немесе банкке қоңырау шалып, карталарды бұғаттаңыз.

- Күдікті қоңырау болған жағдайда (банктің байланыс орталығының нөмірлеріне ұқсас нөмірлерден де) әңгімені дереу тоқтатып, болған жағдай туралы Банктің төлем картасының артында көрсетілген телефон нөміріне хабарлауыңыз керек.

- Алаяқтар әлеуметтік желілерде банк атынан сауалнамаға қатысып, сол үшін сыйақы алу туралы ұсыныспен парақша жасап жатады. Жәбірленушіден сыйақы (ақшалай сыйлық) алу үшін жалған сілтемеге өтіп, сұрақтарға жауап беріп, өзінің картасынан «бекітілген төлем» деп аталатын төлем жасау талап етіп жатады. Жәбірленуші өзінің төлем картасының реквизиттерін толтыра отырып, ештеңе алмай алаяқтардың картасына немесе электронды әмиянына ақшаны өзі жібереді.

Құпия сөздер мен әлеуметтік желілер

Әлеуметтк желілердегі парақшалар мен аккаунттарға ерекше құпия сөздер орнатыңыз

Құпия сөздерді жиі жаңартып отырыңыз

Құпия сөздерде жеке ақпарат қолданбаңыз, болжай алмайтындай болыңыз

Жаттап алу үшін құпия сөздер менеджерін қолданыңыз (Мысалы, Last Pass)

Бас әріптер мен кіші әріптер, сандар мен символдар қолданыңыз (А-Я, а-я, 0-9, !?№)

Екі факторлы аутентифкация орналастырыңыз

Екі факторлы аутентификация - бұл екі түрлі типтегі аутентификация деректерін сұрау арқылы пайдаланушыны анықтау әдісі: SMS немесе электрондық пошта арқылы алынған арнайы код және кодтар шығаруға арналған бағдарламалар (мысалы, Google Authenticator).

Деректерді сақтау
Деректерді жоғалтудан қосымша қорғауды қолданыңыз:
  • 1
    Бұлтты дискілер
  • 2
    Дискілерді шифрлау
  • 3

    Тұрақты резервтік көшірмелер. Бэкап көшірме (сақтық көшірме) - бұл түпнұсқа деректер жоғалған жағдайда қалпына келтірілетін деректердің бұрын жасалған көшірмесі

Фейк-ньюс

Жалған ақпараттың таралуы адамның өміріне кері әсерін тигізеді және оны қауіпке төндіруі мүмкін. Сондықтан:

Алынған ақпаратты сыни тұрғыдан қарастырып көріңіз, эмоцияларға берілмеңіз

Оның басқа ақпарат көздерінде (бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ресми тұлғаларда) бар-жоғын тексеріңіз

Google арқылы мәтінге тіркелген иллюстрациялармен танысыңыз. Көбінесе фейктер мессенджерлерге «таралады»

Фейктер легін тоқтаңыз, оларды өзіңіз таратпаңыз

Егер сіздің біреу аңдып жүргендей болып көрінсе:

  • 1
    Геолокацияңызды әлеуметтік желілерде белгілемеңіз
  • 2

    Күдіктеріңіз жайлы жақындарыңызға телефонмен хабарлап, алдыңыздан шығуларын сұраңыз

  • 3

    Адам көп және жарық көшелерде қалыңыз, көшедегі адамдардан көмек сұраңыз

  • 4

    Ақпарат жинаңыз: сізді аңдып жүрген адам не көлікті мүмкіндігінше фото немесе видеоға түсіріп алыңыз

  • 5

    Лицензиялы такси қолданыңыз

  • 6

    Полицияға хабарласыңыз

Бейбіт кездесу кезінде смартфоныңыздың (телефонның) қауіпсіздігі туралы ескертпе

Ұстап алған кезде сізден жеке заттар, соның ішінде жеке ақпарат, фотосуреттер мен видеолар бар телефонды тартып алыуы мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғай аласыз және бұл ақпаратты сізге қарсы қолданудан қалай сақтай аласыз?

  • 1

    Ешкімнің сіздің жеке заттарыңызды (мүліктеріңізді) өз бетімен алуға құқығы жоқ екенін есте ұстаған жөн

  • 2

    Құқық қорғау органдары жеке заттарын тәркілеу кезінде заңда көзделген рәсімдерді сақтауға және хаттама (тәркілеу актісін) ресімдеуге міндетті. Бұл құжат сіздің заттарыңызды тәркілеудің бірден-бір растамасы болуы мүмкін, сондықтан қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығу керек және полиция қызметкеріне оны құруы туралы еске салу керек.

  • 3

    Жұмыс істейтін смартфонды бейбіт кездесуге апармаған жөн. Электрондық поштаңызға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызға байланбаған, маңызды құжаттары немесе айыптайтын фото және видео материалдары жоқ смартфон алған жөн.

  • 4
    Экран бұғатталуын құпия сөзбен орнатыңыз
  • 5
    Face ID және саусақ ізі арқылы ашуды өшіріңіз
  • 6

    Егер сіз митингке смартфоныңызды алып барсаңыз, әлеуметтік желілердегі барлық аккаунттардан, қосымшалардан және поштадан шығыңыз

  • 7

    Сіздің қосымшаларыңыздың, әлеуметтік желілеріңіздің, поштаңыздың құпия сөздері ерекше және болжауға болжай алмайтындай болуы керек

  • 8

    Мүмкіндігінше жеке қосымшаларға (әсіресе мессенджерлерге) құпия сөздер қойыңыз

  • 9
    Мессенджер хабарламаларының мәтінін жасырыңыз
  • 10
    VPN қолданыңыз
  • 11

    Қоңыраулар тарихын өшіріңіз, ескі SMS хабарламаларды, электрондық пошта хаттарын және мессенджерлердегі хабарламаларды өшіріңіз

  • 12

    Сізді сенімді контактілерге SOS хабарламаларын жіберу мүмкіндігін қосыңыз, сіз тұтқындалғанда немесе смартфоныңызды тартып алуға әрекет жасаса, сіз өзіңіздің орналасқан жеріңіз туралы хабарламаны құқық қорғау топтарына, мониторинг миссияларына немесе адвокаттарға жібере аласыз

  • 13

    Смартфон сіздің заңды меншігіңіз екенін және Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабымен қорғалғанын ұмытпаңыз (құпиялылық пен хат алмасудың құпиялығы). Құрылғыны тартып алу, ұрлау немесе сындыру әрекеттері заңсыз болып табылады.

Жеке немесе жұмыс компьютеріңізді қорғаңыз

Жіберушіні білмейтін болсаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және файлдарды ашпаңыз. Осы ережені ұстану арқылы сіз электрондық құрылғыларыңызды зияндыы бағдарламалар мен вирустардан сақтайсыз. Сонымен қатар, алаяқтар осындай сілтемелерді қолданып, Интернет-банктік шоттан банктік карта деректері немесе логин мен парольге қол жеткізе алады.

Кибергигиенаны сақтаңыз

Кибергигиена - бұл Интернетте жұмыс істеу қаупін едәуір төмендететін күнделікті әдеттердің, білім мен қабілеттердің жиынтығы.
Бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) лицензиялы нұсқаларын қолданыңыз
БЖ жаңартуларын уақытылы жүктеңіз

Антивирус орнатыңыз (Мысалы, Bitdefender)

Жаңартулар - бұл әзірлеушінің жаңа вирустар мен болуы мүмкін кибершабуылдарға реакциясы. Олар қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бағдарламалық жасақтаманы автоматты түрде жаңартуға рұқсат беріңіз

Күмәнді және әкімші функцияларын сұрайтын бағдарламаларды орнатпаңыз

Қолданбайтын бағдарламаларды өшіріп отырыңыз
Сайттардың аттарын және таралым адресаттарын, сілтемелерді тексеріңіз
Оффлайн қауіптен аулақ болыңыз

Компьютерден алшақтаған кезде (тіпті бірнеше минутқа) ұйқы режимін қосуды ұмытпаңыз

18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA