Қалай бақылаушы болуға болады?

Сайлауда не үшін бақылау керек?
Қалай бақылаушы бола аласыз?
Сен … бола аласың
Қауіпсіздік
Өтініш осы бөлімдегі мәтінмен толық танысып, өзіңіздің бақылау жолындағы орныңызды анықтағанға дейін осы қысқа анимациялық роликтерді көріп шығыңыз.

Қор сізге негізге аспектілермен танысуды ұсынады: тәуелсіз бақылаушы болу жолдары, сайлау күнінің өтуі мен сайлау учаскесіндегі дауыс санағының өту реті.
Сайлауда не үшін бақылау керек?

«Еркіндік Қанаты» ҚҚ сайлау учаскелеріндегі сайлау процесінің әділдігі мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін, одан өзге сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділігін мониторингілеу үшін бақылаушыларды дайындау мен бақылаумен айналысады.

Сайлау учаскесінде бақылаушының болуы жағдайды өзгертуі мүмкін.

Өкілетті адам оны көз айырмай қарап жатқанын білгенде өзін басқаша ұстай бастайды: бейтарап, дұрыс, заңды бұзбауға тырысады.

Қалай бақылаушы бола аласыз?

Егер сіздің жасыңыз 18 жастан асса және сіз ҚР азаматы болсаңыз, онда сіз бақылаушы атанып, сайлау мониторингіне қатысуға толық құқығыңыз бар.


Мемлекет ішінде немесе шетелде тұрып жатқан ҚР азаматтары бақылаушы бола алады. Соңғысында олар сайлау бақылауын ҚР басқа елдердегі елшілігі немесе өкілдіктерінде жүргізе алады.

Бақылаушы болу үшін бірнеше қарапайым қадамдар:
  • 1

    Мақсатыңызды анықтаңыз: сіз не үшін бақылаушы болғыңыз келеді және неге бірнеше күн уақытыңызды соған жұмсауға дайынсыз?

    Ең бастысы - шынайы жауап беру!


    Бақылаушылар жай волонтерлер ғана емес, олардың қандай қоғамда өмір сүретініне мән беретін адамдар. Оларда өз елін өзгертуге деген ұмтылыс және сайлауды мейлінше ашық және демократиялық етуге ұмтылыс бар.

  • 2

    Кімнен бақылағыңыз келетінін таңдаңыз: тәуелсіз бақылаушы болғыңыз келе ме, әлде кандидаттың немесе саяси партияның өкілі ме?


    Бұл өте маңызды: егер сізде белгілі бір саяси көзқарастар болса және белгілі бір кандидатты немесе партияны қолдайтын болсаңыз, сол кандидаттың немесе партияның штабынан бақылаушы болыңыз.


    Тәуелсіз бақылаушыларға барудың қажеті жоқ - осылайша сіз неғұрлым пайдалы боласыз және сенімдеріңізге қарсы әрекет етпейсіз.


    Тәуелсіз бақылаушылардың басқалардан айырмашылығы – оларға нәтижесінде билікке кім келетіні маңызды емес. Олар үшін демократиялық процедураның әділ және ашық өтуі маңызды.

  • 3

    Келесі қадам – ​​сіз сенетін ұйымды тауып, оларға бақылаушы ретінде тіркелу.

  • 4

    Оқу дайындығын аяқтап, бақылаушы куәлігін алыу.

  • 5

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды мұқият зерттеу.

  • 6

    Сайлау учаскесін таңдау немесе үйлестірушіден нөмір мен мекен-жай алу.

  • 7

    Дауыс беру күні сайлау учаскесіне келіп, бақылау жүргізу.

Бақылаушылар тек қарап, тыңдап қана қоймай, сонымен қатар заң бұзушылық актілерін жасайды, сайлау барысы туралы сауалнамалар толтырады, құқықбұзушылықтардың фото және видео түсірілімін жасап, «Қазақстан Республикасының Сайлауы туралы» Конституциялық заңының 20-1 бабына сәйкес басқа да рұқсат етілген қызметті жүзеге асырады.

Сен … бола аласың:
Сайлау учаскесінде бақылаушы
Ұзақ мерзімді бақылаушы
Бақылаушылар үйлестірушісі
Корреспондент
Мобильді топ мүшесі
Заң консультанты
  • 1

    Сайлау учаскесіндегі бақылаушылар заң бұзушылықтар мен алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі. Олар заңға сәйкес әрекет етеді және дауыс беру мен дауыстарды санау процедураларының сақталуын бақылайды. Бақылаушылар заң бұзушылықтарды тіркейді және заң бұзушылықтарды дәлелдеу үшін фото және видео түсіреді.

  • 2

    Ұзақ мерзімді бақылаушылар сайлау жарияланған күнінен бастап, дауыс беру күні, сондай-ақ бүкілхалықтық дауыстарды санау және сайлау нәтижелері жарияланған уақыт аралығында электоралды кампанияны бақылау жұмысын жүргізеді.

  • 3

    Бақылаушыларды үйлестірушілері тәуелсіз бақылаушылардың қызметін үйлестіру, сайлау учаскелеріндегі бақылаушыларға жедел ақпарат, құқықтық және моральдық қолдау көрсету бойынша жұмыс істейді және бақылау кампаниясының штабымен байланыс орнатуға жауапты.

  • 4

    Корреспонденттер дауыс беру басталар алдында және сайлау күні әр түрлі учаскелерде фото және видео түсіреді.

  • 5

    Мобильді топ мүшесі 2-3 адамнан тұратын топқа кіреді және өз тобына бекітілген сайлау учаскелеріне аралайды, төтенше жағдайлар туындаған кезде сайлау учаскесінде шұғыл консультативтік, құқықтық қолдау көрсету арқылы бақылаушылар арасындағы рухты сақтаумен айналысады.

  • 6

    Заң консультанты - бұл жоғары заңгерлік білімі бар, сайлау заңнамасымен жұмыс жасау, бақылаушылар есебін құру және сайлау заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот органдарына талап арызын құру бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өткен адам. Заң консультанты бақылауларға, үйлестірушілерге және мобильді топ мүшелеріне сайлау заңнамасының түсініксіз тұстарын түсіндіре алады

Қауіпсіздік
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету - сайлау учаскесін бақылаудың негізгі элементі.
-1-
Әрбір бақылаушы заңнаманың қыр-сырын үйрететін тренингтен өтеді. Заңның ерекшеліктерін білу бақылау кезінде өте маңызды: бұл жанжалды жағдайларды шешуге және мемлекеттік қызметкерлермен қисынды диалог жүргізуге көмектеседі.
-2-
Әрбір бақылаушы бақылауға дайындалып, ҚР сайлау туралы Конституциялық заңды жақсы зерттеп шығуы керек.
-3-
Бақылаушы өзінің үйлестірушісімен үнемі байланыста болуы керек. Ол сайлау учаскесіндегі жағдайды талдап, белгілі бір жағдайларда не істеу керектігін айтады.
-4-
Сайлау күні заңгерлік кеңес алу үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Онда әр бақылаушы кеңес немесе ақпарат сұрай алады.
-5-
VPN пайдалану Интернетке тосқауыл қойылған жағдайда байланыста болуға көмектесуі мүмкін.
-6-
Смартфонның құлпын ашқанда, тек PIN-кодты пайдалануды ұсынамыз. Face ID және Touch ID жүйелері смартфонды осал етеді, өйткені қаскүнемдер телефон иесін камераға қарауға немесе саусағын сканерге қойып, телефонның құлпын ашуға оңай мәжбүрлеуі мүмкін.
-7-
Messenger Signal және Telegram қауіпсіздігі жоғары қосымшалар болып табылады және сайлау күні соларды пайдаланған жөн.
-8-
Бақылаушылар сайлау комиссиясының мүшелерімен мүмкіндігінше жанжалдаспағаны және арандатушылыққа бой алдырмағаны дұрыс.
-9-
Психологиялық қысым көрсеткен жағдайда не болып жатқанын фото және бейнекамераға жазып, тез арада үйлестірушімен хабарласу керек.
18 +
Сайт «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-ның 2015 жылы басталған, адам құқықтары саласындағы білім беруге бағытталған құқық қорғау қызметі туралы ақпарат береді. ErkindikQanaty.kz сайтының материалдарын дереккөзге сілтеме қою арқылы ғана қолдануға болады.
Тренингтер өткізуге арналған HR Hub залы күнделікті 10:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. Жексенбі – демалыс күні.
Астана қ. (Нұр-Сұлтан), Кеңесары к. 8, 17 кеңсе, 14 қабат.
+7 7172 76 00 00
Сөз сөйлеушілер пікірі мен HR Hub-та өтіп жатқан іс-шаралар тақырыптарының тұжырымдамасы Қордың негізгі позициясын көрсетпеуі мүмкін
Құпиялылық саясаты
Біздің жаңалықтарға жазылыңыз
Website design and development by ARTERIA