Әдетте мүгедектігі бар адамдар не сайлау учаскесіне барып немесе үйінде дауыс бере алады. Бірақ қазіргі тәжірибе бойынша сайлау учаскелерінің барлығы мүгедектігі бар адамдарға ыңғайланбаған. Ол туралы Еркіндік Қанаты қоғамдық қорының мониторингінен біле аламыз.
Оған нені жатқыза аламыз?
Кез келген сайлау учаскесі арбамен кіріп-шығуға көмектесер пандустармен, мүгедектігі бар адамдарға арналған кабинкамен, зағип жандарға арналған трафарет, Брайель жазуымен жазылған бюллетень үлгісімен немесе дыбыс шығаратын аппаратпен жабдықталуы тиіс. Жоғарыда аты аталған заттар ақпарат қолжетімділігінің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Кез келген берілетін ақпарат мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлуы не бейімделуі шарт. Осылайша, тіпті есіктің ені де адамға өз құқығын қолдануда кедергі келтіруі мүмкін.
Мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатыса алуы қоғам инклюзиясын көрсетеді. Әр адамға осындай саяси процестің толыққанды бөлшегі болу маңызды. Сайлау учаскесіне барып, өз дауысын қысылмай беру адамдарға қоғамға қатыстылығын сезінуге, азаматтық борышын өтеу мүмкіндігін сыйлайды.

Осы адамдардың 86%-ы -- кәмелет жасқа толған адамдар. Демек олардың дауыс беру құқықтары белсенді, ал мәселе өзектілігі әр сайлау сайын өсуде.
Сайлау құқығының инклюзиясына қатысты қандай құжаттар бар?
Ең бірінші құжат - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. Тәуелсіз өмір сүру мен қоғам өміріне қатыса алу әр адамның дүние есігін ашқанда бірдей құқыққа ие болуымен анықталады. Декларация қоғамдағы сегрегацияның алдын алуды сөздейді. Оны Қазақстан ратификациялаған. Одан өзге 2015 жылы Қазақстан Республикасы “Мүгедектердің құқығы жайлы БҰҰ” конвенциясын ратификациялаған. Сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстанның сайлау туралы заңына түзетулер енгізіліп, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттеліктері ескерілді. Ол өзгерістер заңның 48 (2-1 т), 39 (1-1 т), 18 (4-1 т) баптарында көрсетілген.
Қолжетімділік неге соншалықты маңызды?
Сайлау учаскесінің қолжетімсіздігі бірнеше халықаралық құжаттарда бекітілген сайлау құқығын бұзады не шектейді. Олардың қатарында Азаматтық және саяси құқықтар жайлы халықаралық пакті (25 б, 6 т), Мүгедектер құқығы жайлы БҰҰ конвенциясы (3 т.а. А т, 29 б), Қазақстан конституциясы (33 б, 2 б).
“Еркіндік Қанаты” ҚҚ қызметін бастағалы бері әр сайлаудың алдында сайлау учаскелерінің қолжетімділігі жайлы бақылауды жүзеге асырып отырады. Осы орайда қордың атқарушы директоры Елена Швецова сайлау жайлы заңды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді:
“2018 жылы сайлау туралы конституциялық заңға түзетулер енгізілді. Солардың арқасында 2019 жылғы сайлауда аймақтардағы сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға арналған кабиналар, трафареттер мен компьютерлер пайда болды. Мұнда да бірнеше қиындықтар бар. Мысалы, көзі көрмейтін жандарға арналған трафареттер заңмен бекітілмеген. Егер біз сайлау учаскесінің жабдықталуына қатысты нұсқаулар бар десек, трафареттер мен олардың стандарттары жайлы ештеңе айтылмаған. Одан өзге 2021 жылғы өткен сайлауда біз олардың әр жерде әртүрлі екенін көрдік. Тіпті бұзылған трафареттерді де көргенбіз. Ақаудың кесірінен сайлаушының дауысы басқа үміткерге есептеліп кеткен жағдайлар да бар. Бірнеше дауыс беруші осындай ақау кесірінен арыз да жазған, тек әзірге ол әрекеттен ештеңе шықпады”.