Бірінші кезекте, квота әйелдердің ғана емес, жас азаматтардың да қатысуын белгілейді.
Бұл парламенттік тізімдегі әйелдердің үлесі түгелдей партиялардың өз қалауларынша жасақталады, яғни квота жастармен толтырылып, ол жердегі әйелдердің саны аз болуы да мүмкін.
Сондай-ақ, квота тек партиялық тізімдерге ғана қолданылады, ал жабық таңдау жүйесіндегі тізімдердің сайлау нәтижелері жария болған соң, партия мандаттарды өз қалауынша үлестіре алады. Квотаның орындамауына қандай-да бір бақылау механизмдері мен санкциялардың жоқтығы, партиялардың депутаттық орындарды әйелдер үшін сақтап қалуға кепілдік бермейді. Дәлел ретінде, партиялық тізімдерде квоталар сақталғанмен соңғы Мәжіліс сайлауы нәтижесі бойынша Қазақстан Халықтық Партиясы атынан тек 20% ғана, ал «Ақ жол» партиясының көрсеткіші одан да төмен 17% әйелдер болды.
Гендерлік шектеулердің күнделікті орын алып жатқанын ескеретін болсақ, квотаны енгізу – әйелдерді саясатта қолдауға және гендерлік қарым-қатынасты өзгертуде әлемдік тәжірибеде кең таралған және өзінің тиімділігін дәлелдеген. Квота енгізу - мәселенің түпкілікті шешу жолы болмаса да, бұл – Парламентте әйелдердің болу деңгейін жоғарылатудың маңызды қадамы, шешім қабылдауға ықпал етуге және өзекті мәселелерді күн тәртібіне көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, квота болашақта әйелдердің басшы лауазымдарына қол жеткізуге, көшбасшыларды көбейтуге септігін тигізеді.
Мемлекеттік қызметкерлердің құрамын қарастыратын болсақ: 2018 жылдың ресми мәліметтері бойынша, әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі 55% құрайды. Алайда, бұндай жоғары көрсеткіш әйелдердің әкімшілік қызметтер есебінен орын алуда, саяси лауазымдарда қатысуы төмен. Әкімшілік қызметтерде де басқарушылық орындарда әйелдердің болуы аз.
Гендерлік теңдіктің қалыптасуына саяси партиялардың да маңызды рөлі бар. Себебі мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерді ұсынуға сайлау тізімдеріне енгізу арқылы
партиялардың құқықтық механизмдері бар, яғни қамтылмаған топтарды қатыстыруға мүмкіндіктері жоғары. Өкінішке орай, бұл қазақстандық партиялар туралы емес, өйткені олардың қатарындағы әйелдердің тапшылығы бар.
Дегенмен, әйелдердің өз мүдделерін іске асыруда және биліктің үкіметтік және өкілетті органдарында өзекті мәселелерді көтеруде Қазақстан да ұзаққа кеткен жоқ. 2021 жылғы
Мәжіліс сайлауы нәтижесі көрсеткендей, гендерлік тендікті орнатуда жүйелі жұмыстарды жүргізудің орнына билік жартылай реформаларды қабылдап, халықаралық конвенциялардың келісімімен шектеліп, халықаралық нормаларға сәйкестігін көрсетуді ғана жөн көреді. Мәжілістің жаңа құрамындағы әйелдердің 27% соны көрсетіп тұр.
Қазақстанда гендерлік квотаны ендіру - тек халықаралық стандарттар мен келісімдерді формальды түрде орындау үшін жасалған болып көрінеді. Квотаны қабылдамастан бұрын,
2020 жылы Парламенттің төменгі палатасында әйел депутаттардың үлесі 27,1% болған.
Квоталар жүйесі Мәжіліс пен мәслихаттағы әйелдердің үлесін 50% - ға дейін арттырса ғана жақсы нәтиже деп санауға болатын еді. Алайда, ұсынылған реформа әйелдерді квоталаудың егжей-тегжейлі механизмі құрылғанға дейін, сондай-ақ партиялық тізіміне енгізілмеген, өзін-өзі ұсынған адам ретінде сайлауға қатысқысы келетін адамдарға тең мүмкіндік берілмейінше пайдасы аз десек қателеспейміз.