Адам құқықтары туралы қоғамда ақпаратты насихаттаудың бірнеше жолдары:
•Адам құқықтары мәселелерін достарыңмен, таныстарыңмен және туыстарыңмен талқылаңдар. Сендердің көзқарастарың мен құндылықтарыңмен келіспейтін адамдармен адам құқықтарын талқылау өте маңызды. Неліктен олардың адам құқықтарын қорғау мәселесіне күмәнмен қарайтындығын білуге тырысыңдар; кінәламай, жай тыңдауға тырысыңдар. Кейде қорқыныш, ұят немесе жай ғана надандық қарсылықтың артында жасырылуы мүмкін. Естеріңде болсын: әркім адам құқықтары туралы білім ала алатын (жоғары) білімге ие бола бермейді. Ол оларды нашар, ал сендерді жақсы қылмайды.
•Ақпаратты ізденіңдер. Адам құқықтары мәселелерінде әрдайым хабардар болыңдар, жаңа трендтерді зерттеңдер, жергілікті деңгейде де, әлемде де болып жатқан оқиғалардан хабардар болыңдар. Естеріңде болсын: адам құқығы бір орында тұрмайды, сондықтан оларға деген көзқарас уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының веб-сайттарындағы мақалалар, блогтар, посттарды оқыңдар. Және ақпаратты тексеруді ұмытпаңдар!
•Адам құқықтары туралы білімді тереңдетіңдер. Адам құқықтары бойынша курстардан, тренингтерден, семинарларды өтіңдер. Тікелей және онлайн режимінде дәрістер тыңдаңдар (мысалы, YouTube-те). Сендер бірінші қадамды жасап, біздің курстан өте бастадыңдар. Мүмкін сендер қазірдің өзінде осы салада білгір шығарсыңдар, және біліктіліктеріңді одан әрі арттырғыларың келген шығар. Бұл жағдайда біз сендермен тек тамсана аламыз!