Мигранттардың, босқындардың, пана сұраған адамдардың және ішкі деңгейде жер аударылған адамдардың құқықтары

Сабақ 4.5.
Бұл сабақта біз тағы бір маңызды тақырыпты талқылағымыз келеді. Ол – мигранттардың, босқындардың, баспана сұраған адамдардың, сондай-ақ мәжбүрлі қоныс аударушылардың құқықтары.
Сендер көші-қон және онымен байланысты адам құқықтары мәселелері бізге тек соңғы жылдары ғана таныс заманауи құбылыс деп ойлауларың мүмкін.
Шынында да, біз 2013 жылдан кейін «мигранттар дағдарысы» деген сөзді жиі ести бастадық. Жиі бұл фраза қабылдаушы елдердің экономикасына, мәдениетіне және өміріне жағымсыз салдарларды көрсететін теріс коннотацияға ие.
Алайда, егер біз сендермен тарихқа үңілсек, көші-қон ағындары мен босқындар жаңа құбылыс емес екенін көреміз. Бұл үдерістер әрқашан адамзат тарихының бөлігі болды.
Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін миллиондаған адамдар қысымшылық, қудалау, азаптау, бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылық және соғыстың басқа да қорқынышты салдары үшін елдерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл адамдар оларға аз қорқыныш пен қауіпсіздікті ұсына алатын жер табуға тырысты.

Бұл тәжірибе Ежелгі Греция мен Египеттің әдет-ғұрыптарынан басталады, онда қасиетті жерде қауіпсіздікті іздейтін адамға қауіп төнбейді, әйтпесе ол құдайларды ашуландыруы мүмкін деп саналған. Осылайша, «босқын» сөзінің түп-тамыры ежелгі заманнан басталады.

Мысалы, Киелі кітапта исраилдіктер Мысырдан кетуге мәжбүр болғандығы туралы айтылады. Он бесінші ғасырда мұсылмандар мен яһудилер инквизиция – орта ғасырларда папа құрған сот органы нәтижесінде Испаниядан қуылды. XVII ғасырда діни бостандыққа қол жеткізген пуритандар қазіргі Америка Құрама Штаттарында қоныстанды. Француз төңкерісі кезінде дворяндар XVIII ғасырда Франциядан қашып, ал XIX ғасырдың ортасындағы толқулар кезінде саяси жер аударылғандар орталық және Оңтүстік Еуропаны тастап кетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде ондаған мың адам бұрынғы Осман империясы, Ресей империясы, Балқан және Кіші Азиядан кетуге мәжбүр болды. Миллиондаған армяндар геноцидтен қашып, 1915-1923 жылдарр аралығында Түркиядан кетті (de Zayas, 2010). Көптеген адамдар 1940 жылдары жапон шапқыншылығынан қорқып Қытайдан қашты; испан азаматтық соғысындағы фашистердің жеңісіне байланысты Испаниядан да жер аударған адамдар болды. Содан кейін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаппай көші-қон болды, миллиондаған адамдар келе жатқан фашистік әскери күштерден қашуға ұмтылды.
ХХ ғасырдың жергілікті тарихына көз жүгіртсек, Кеңес өкіметі халықтар мен этникалық топтарды күштеп көшірудің ондаған мысалын көре аламыз. Барлық осы мысалдар қатыгездікпен және адамдарға және бүкіл халықтарға әкелген азаптың мөлшерімен көзге түседі.
Босқындар, баспана іздеушілер, мигранттар және ішкі жер аударылғандар – бұл төрт категория, олар көбінесе алмасып қолданабы. Әрине, олардың арасында ортақ бір нәрсе бар – олардың барлығы тұрақты тұратын жерімен қоштасты. Алайда, осы төрт заңды санаттың әрқайсысына өзінің мәртебесі және тиісті құқықтары тиесілі, бұл топтардың арасындағы айырмашылықты адам құқықтарының бұзылуының алдын алу және оған жауап беру үшін ең тиімді әрекеттерді жасау үшін ескеру қажет.

Осы санаттарды бірге анықтап, олардың арасында қандай айырмашылықтар бар екенін көрейік.
Босқындар – бұл қуғын-сүргінге, жанжалдарға, зорлық-зомбылыққа немесе басқа да қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірген жағдайларға ұшырау қаупінен және соның салдарынан «халықаралық қорғауға» мұқтаж адамдар. Олардың жағдайы жиі қауіпті және төзімсіз болғандықтан, олар жақын маңдағы елдерде қауіпсіздікті іздеуде ұлттық шекараларды кесіп өтеді және осылайша мемлекеттер, БҰҰ БЖКБ және тиісті ұйымдардың көмегіне сүйене отырып, халықаралық деңгейде танылған «босқындар» мәртебесін алады. Олар бұл атауға олар үшін үйге оралу қаупі тым жоғары, сондықтан басқа жерде баспана қажет болғандықтан алады. Мұндай адамдарға баспана беруден бас тарту өлімге әкелуі мүмкін.

Тағы бір атап өтейік, босқындардың үйлерін өз еркімен тастап кетпейлі, олар үшін бұл өлім көзінен сақ қалудың мәжбүрлі де соңғы қадамы.

Төменде кейбір фактілер мен сандармен танысуды ұсынамыз.
Босқындар
Статистика
79,5 МИЛЛИОН
37000 адам
Ауғанстан, Оңтүстік Судан, Мьянма және Сомали
БАЛАЛАР
Бүкіл әлемде кем дегенде 79.5 миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың 26 миллионы – босқындар, ал әйелдер бұл санның жартысын құрайды.
2018 жылы күніне орта есеппен 37000 адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Қарулы қақтығыстар мен әр түрлі топтарға деген өшпенділік салдарынан бұл сан күн сайын артып келеді.
Әлемдегі барлық босқындардың үштен екісінен астамы бес елге келеді, сириялық босқындар әлемдегі босқындардың үштен бір бөлігін құрайды. Одан кейін Ауғанстан, Оңтүстік Судан, Мьянма және Сомали. Сомалиде адамдарды үйлерінен кетуге мәжбүр ететін қарулы қақтығыс 30 жылға жуық уақытқа созылды.
Балалар бүкіл әлемдегі босқындардың жартысын құрайды.
Босқындар туралы жалған ойлар мен фактілер
Ешкім де жылы жерден кетпейді. Көбінесе босқындар денсаулығына немесе өміріне нақты қауіп төнгендіктен үйлерінен кетуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, бұл мәлімдемені сандармен оңай жоққа шығаруға болады: босқындардың 80%-дан астамы көрші елдерде тұрады, ал босқындардың ең көп санын қабылдайтын елдер – Түркия, Колумбия, Пәкістан және Уганда, экономикасы дамымаған елдер.
Жақындарынан айрылып, өздері білетін өмірін артта қалдыруға мәжбүр болғаннан кейін, босқындар көбінесе бірнеше жыл босқындар лагерлерінде немесе арнайы қоныстарда арға өмірімен не болатынын білмей өткізеді.
Босқындар жай ғана дамыған елдерде жақсы өмір сүруді қалайды.
Босқындар туралы жалған ойлар мен фактілер
Біріншіден, босқын болу үшін адам кедей болуы міндетті емес. Босқын – бұл нәсіліне, дініне, ұлтына, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығына немесе саяси көзқарастарына байланысты қудалаудан қорқатын адам. Босқынның бай немесе кедей екендігі маңызды емес. Тарих көптеген бай адамдар (мысалы, Холокост кезіндегі еврейлер) қудалаудың нысаны бола алатындығын көрсетті.

Екіншіден, көптеген адамдар үшін елден шығу ақысы – бұл қауіпсіздік үшін төленетін баға. Шекараның қатал саясаты босқындардың елден қауіпсіз шығуын қиындатады. Жақын адамды қауіпсіз жерге жіберу үшін көптеген отбасылар қарызға батады.
Басқаларға «көшу» үшін ақша төлейтін адамдар нақты босқындар емес. Егер олар төлей алса, онда олар бай және жақсы өмір іздейді деген сөз.
Босқындар туралы жалған ойлар мен фактілер
Босқындарды экономикаға қатысты алаңдаушылыққа байланысты қабылдауға қарсы жиі ескертулер мен аргументтерге қарамастан, зерттеулер мен деректер босқындардың қабылдаушы елдердің экономикасына айтарлықтай үлес қосатынын көрсетеді. Олар басқа азаматтар сияқты жұмыс істейді және салық төлейді; олардың көпшілігі жаңа жұмыс орындарын ашады және босқындардың адам құқықтары саласындағы белсенділігі мен жұмысы арқылы ел өміріне белсенді қатысады.
Босқындар азаматтардың салықтары есебінен өмір сүреді және қабылдаушы елдердің экономикасына ауыртпалық түсіреді.
Баспана іздеушілер – белгілі бір мемлекетте босқындар ретінде қорғауды сұраған, бірақ әлі де олардың мәртебесін анықтауды күтіп отырған адамдар. Мемлекеттер белгілі бір адамның босқын мәртебесін алу критерийлеріне сәйкес келетіндігін анықтау үшін әртүрлі жүйелер мен процедураларды құрды. Кейбір жағдайларда босқын мәртебесін алмаған адамға, егер ол шыққан еліне оралған кезде ауыр зиян келтірудің нақты қаупіне тап болса, осы елде қалу құқығы берілуі мүмкін. Қорғаудың бұл нақты формасы көмекші қорғаныс деп аталады
Баспана іздеушілер
Мигрант деп халықаралық шекараны кесіп өткен немесе ел ішінде, бірақ әдеттегі тұрғылықты жерінен алыс тұратын кез келген адамды айтамыз.

Көбінесе «мигрант» және «босқын» сөздері бір-бірімен алмастырылып қолданылады, бірақ олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар болғандықтан, БЖКБ бұл терминдерді бөлек қолдануды ұсынады. БЖКБ мигранттар үшін қоныс аудару ерікті болып табылатындығын және олардың үйлеріне қайтуға мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді.

Мигранттар заңды болуы мүмкін (яғни, олар тағайындалған елге кіруге қажетті рұқсат алды). Егер бұл санатқа жатпайтын болса, онда олар реттелмеген мигранттар болып саналады. Олар шекараны заңды түрде кесіп өтті ме, жоқ па, мигранттар елдегі барлық адамдар сияқты негізгі адам құқықтарына ие.
Мигранттар
Босқындар туралы жалған ойлар мен фактілер
Зерттеулер көрсеткендей, мигранттардың көпшілігі жергілікті тұрғындар жасағысы келмейтін немесе жасай алмайтын жұмысты орындайды. Сонымен қатар, шындық – көші-қон мигранттар шыққан елдерде де, егер олар ақылға қонымды басқарылса, олар көшіп жатқан елдерде де өсуді, инновацияны және кәсіпкерлікті ынталандыру арқылы пайда әкеледі. Мигранттар мен босқындар экономикаға жалдамалы жұмысшылар ретінде де, кәсіпкерлер ретінде де жаңа фирмалар мен кәсіпорындар құру арқылы өз үлестерін қосады. Мигранттар мен босқындардың еңбек нарығы мен қоғамға кірігуі қымбатқа түсуі мүмкін, бірақ бұл жоғары қайтарымды инвестиция. Ал егер қашан да болсын Google пайдаланған болсаңдар, оның да қалаушысы мигрант екенін білулерің тиіс ;)
Мигранттар жұмыс орындарын тартып алып, экономикаға нұқсан келтіреді.
Босқындар туралы жалған ойлар мен фактілер
Халықаралық құқықта жалғыз құқық бұзушылығы көші-қонға қатысты ережелерді бұзу болып табылатын шетелдік азаматтарды қабылдаушы мемлекеттер қылмыскер немесе ықтимал қылмыскер ретінде қарастырмауы керек деген қағида нақты бекітілген. Шетелдіктің заңсыз кіруі және елде болуы, негізінен, қылмыстық іс емес, әкімшілік іс болуы керек. Реттелмеген мигранттар ешқандай құқық бұзушы болып табылмайды және олардың негізгі медициналық көмек пен білім алу құқығы, жосықсыз қамауға алудан қорғау құқығы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен азаптау қаупі бар елдерге жібермеу құқығы сияқты халықаралық құқықпен бекітілген құқықтары бар.
Реттелмеген (заңсыз) иммиграция – бұл қылмыс, мұндай адамдар қоғамда қауіпті.
Ішкі жер аударылған адамдар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ел ішіндегі адамдардың қозғалысы туралы нұсқауларына сәйкес, ішкі жер аударылған адамдар (ІЖА) – бұл үйлерінен немесе әдеттегі тұрғылықты жерлерінен қашуға немесе кетуге мәжбүр болған (атап айтқанда, қарулы қақтығыстың, жаппай зорлық-зомбылық жағдайларының, адам құқықтарының бұзылуының немесе табиғи я антропогендік апаттардың салдарынан немесе олардың алдын-алу үшін), бірақ халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік шекараны кесіп өтпеген адамдар немесе адамдар тобы. Бұл мүлдем жаңа анықтама іЖА-ғе құқықтық мәртебе бермесе де, ол екі негізгі элементті көрсетеді: қозғалыстың еріксіз сипаты және оның ұлттық шекара аясында болуы. Олардың соңғысы ІЖА мен босқындарды олардың мәртебесі жағынан да, құқықтары жағынан да түбегейлі ерекшелендіреді.
Олардың қандай құқықтары бар?
Біз сендерге адам құқықтарының бұзылуымен байланысты мәселелерді шешудің тәсілдерін жақсы түсіну үшін анықтамалар мен түрлі санаттар туралы мәлімет бердік. Дегенмен, осы санаттардың артында бәрімізбен бірдей құқықтарға ие тірі адамдар тұрғанын есте ұстауымыз керек.

Белгілі бір адам босқындар, баспана іздеушілер, мигранттар немесе ішкі жер аударылған адамдар санатына жатуы мүмкін, бірақ қай топқа жататынына қарамастан, олардың барлығы осал топтың құрамына кіреді, өйткені олардың негізгі құқықтарына іс жүзінде қол жеткізу қиын. Неліктен? Жаңа тіл, мәдениет және әдет-ғұрып, олардың заңдарын білмеу немесе құжаттардың болмауы оларды қанау мен құлдыққа түсу қаупі үшін осал етеді.
Барлық шетелдіктер, олардың мәртебесіне қарамастан, барлық басқа азаматтар сияқты негізгі адам құқықтарының жиынтығына ие. Адамның мәртебесі емес, оның адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалармен байланысты сол мемлекеттің аумағында және юрисдикциясында болуы оған барлық бекітілген құқықтарды иеленуге құқық береді. Адамның өмір сүру құқығы, азаптаудан, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттерден қорғау, құлдыққа және мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, сөз бен жиналыс бостандығы, баспана немесе жеке және отбасылық өмірді құрметтеу құқығы сияқты негізгі құқықтары мен бостандықтарына қосымша, мигранттар сонымен қатар өмір мен қадір-қасиетке байланысты әлеуметтік және экономикалық құқықтарға қол жеткізе алуы керек, мысалы, жеткілікті тұрғын үй және баспана құқығы, денсаулық, әлеуметтік және медициналық көмек құқығы, әлеуметтік қорғау құқығы, кедейліктің ауыртпалығын жеңілдету және қадір-қасиетті сақтау үшін қажет жерде, әсіресе мигранттардың балалары үшін, бастауыш және орта білім алу құқығы, әділ жалақы және әділ еңбек жағдайлары сияқты еңбек құқықтары. Сонымен қатар, кемсітпеушілік құқығы ерекше мәнге ие: мигранттардың нақты мәртебесі нәсіліне, түсіне, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, жынысына, жыныстық бағдарына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа сенімдеріне немесе кез-келген басқа мәртебеге байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол бермеуі қажет.
Егер олар шет елде болса, онда мигранттардың адам құқықтары бар ма деп сұрауларың мүмкін.
Осы құқықтардан басқа, босқындар мен пана іздеушілер одан әрі қорғауға ие болу құқығы бар. Босқындар қауіпсіз баспана алуға құқылы, яғни оларды қауіп төнген елге мәжбүрлеп қайтаруға болмайды (шығарып жіберуге тыйым салу). Әдетте, олар, ең болмағанда, ақы төленетін жұмысқа, меншікке қол жеткізуге немесе межелі мемлекетте еркін жүріп-тұру құқығын қоса алғанда, заңды резидент болып табылатын кез келген басқа шетелдік сияқты құқықтар мен базалық көмекке қол жеткізе алулары тиіс.
Босқындар құқықтары
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқыққа негізделген адам құқықтары тәсіліне сәйкес, иммиграция немесе босқын мәртебесіне қарамастан, барлық адамдарға адам құқықтары берілген. Осылайша, көшіп-қонушылар мен босқындардың құқықтары адам құқықтары саласындағы барлық негізгі құжаттармен, оның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактімен, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактімен, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенциямен, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциямен және адам құқықтары жөніндегі басқа да негізгі шарттармен бекітілген.
Мигранттар мен босқындардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдары
Алайда, мигранттар мен босқындардың құқықтарын тікелей қозғайтын негізгі құжаттар Барлық көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция (1990), сондай-ақ Босқындар мәртебесі туралы Конвенция және Конвенцияға хаттама (1967) болып табылады.

Бұл құжаттар мигранттардың және (немесе) босқындардың қосымша құқықтарын ойлап тапқан жоқ. Осы шарттар көрсетілген барлық құқықтар Адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдермен қамтылған негізгі азаматтық және саяси, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға сілтеме жасайды.

Алайда, бұл конвенциялар дискриминация мен ксенофобия осы топтарға жататын адамдардың құқықтарын жүзеге асыруда және сақтауда маңызды кедергі болып табылады деп көрсетеді.
Сонымен қатар, Босқындар мәртебесі туралы конвенция сонымен бірге босқындардың негізгі адам құқықтарын сәтті жүзеге асыру үшін елдер жазаламау доктринасын басшылыққа алуы керек, оған сәйкес өмірі мен әл-ауқатына нақты қауіп төніп тұрған босқындар мемлекеттік шекараларды заңсыз кесіп өткені үшін, егер олар «кідірместен» заң алдында мойндаса, және «дәлелді себеп» көрсеткен жағдайда, жазаланбауы керек.

Осы доктринаға қосымша Конвенция, сондай-ақ, мемлекеттерден өз еліне оралуы елдегі жағдай немесе белгілі бір топқа жату негізінде қудалану салдарынан оның денсаулығына немесе өміріне елеулі қатер төнген босқындарды қайтармауға немесе еліне жібермеуге тиіс деп ұйғару доктринасын басшылыққа алады.
Қазақстандағы мигранттар мен босқындар құқықтарының жағдайы қандай?
Қазақстандағы мигранттар мен босқындардың құқықтарына қатысты жағдай әлі де жақсартуды талап етеді және осы саладағы сарапшылардың алаңдаушылығын тудырады.

Қазақстан еңбек мигранттары үшін Орталық Азияға қоныс аударудың негізгі тармақтарының бірі болып табылады. Сонымен бірге, құқық қорғаушылар адам саудасы, еңбек құқықтарының бұзылуы, өмір сүру мен жұмыс жағдайының нашарлығы, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. құқықтарға қол жетімділіктің болмауы сияқты еңбекші-мигранттардың құқықтарының бұзылуының жоғары санын атап өтті.
Заңнамалық деңгейде біз елдегі еңбекші-мигранттардың құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруда айтарлықтай кедергілерді байқай аламыз. Мысалы, жоғарыда айтқанымыздай, мигранттар мен босқындардың құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттар реттелмеген шекараны кесіп өтуді қылмыстық емес, әкімшілік бұзушылық ретінде тануды ұсынады. Алайда Қазақстанның көші-қон заңнамасы «заңсыз миграция» терминін пайдаланады, бұл қылмыстық істерге жатады және үлкен айыппұлдар мен елден шығарып жіберу түрінде елеулі жазаларға әкеп соғады. Заңнамадағы мұндай тәсіл мигранттар мен босқындарды одан әрі стигматизациялау мен кемсітуді нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, заңнаманың тым қатал сипаты көбінесе реттелмеген мигранттар үшін қосымша тосқауыл болып, оларды құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуге кедергі болады. Осылайша, біздің елімізге отбасыларын асырау үшін келген көрші елдерден реттелмеген мигранттар осал жағдайға тап болады және жиі адамдарды пайдалану және сату объектілеріне айналады.
Бәлкім, сендерге құлдық тарихта қалған сияқты, ал қазіргі әлемде орын алмайтын құбылыс ретінде көрінетін шығар. Алайда адам саудасы – құлдықтың заманауи түрі. Бүкіл әлем бойынша 40 миллионға жуық адам адам саудасының құрбандары болып табылады. Олардың арасында жыныстық қанауға байланысты әйелдер мен балалардың үлесі айтарлықтай басым. Адам құқықтарының бұзылуының барлық түрлері сияқты, біз иммиграция мәртебесі, гендерлік сәйкестілік, әлеуметтік-экономикалық мәртебе, нәсіл, этникалық, ұлт және т.б. белгілері бойынша қысымшылықтың қиылысқан сипатын байқай аламыз.
Сонымен қатар, Қазақстандағы адам саудасына қатысты жағдай COVID-19 пандемиясының аясында одан әрі нашарлады, онда жүздеген мигранттар шекаралардың жабылуына және үйлеріне қайтудың мүмкін еместігіне байланысты елде қалып қойды.

•Мигранттар мен босқындар қазіргі құбылыс емес, олар әрқашан адамзат тарихының бөлігі болған және әлі де бар.
•Көші-қон жағымды және шабыттандыратын тәжірибе болуы мүмкін. Алайда, жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде көші-қонды басқарудың адам құқықтарына негізделген жүйелерінің болмауы мигранттар үшін адам құқықтары дағдарысын тудырды. Транзит және межелі елдердің шекаралары мен аумақтарындағы жағдай осындай.
•Екінші жағынан, мигранттар да, қабылдаушы елдер де адам құқықтарына негізделген тәсілді қолданудан пайда көреді. Бұл мигранттарды және олардың құқықтарын кемсітусіз негізде көші-қонды реттеу орталығына ұсынуды; тиісті саясаттың адам құқықтарына әсерін мониторингтеуді және бағалауды; мигранттардың есептілігін қамтамасыз етуді, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді және олардың мүдделерін қозғайтын саясатты әзірлеуге қатысуы үшін жағдай жасауды қамтиды; қабылдаушы елдердің жұртшылығын хабардар ету және әлеуметтік ұйымшылдықты, сондай-ақ интеграцияны және қоғам өміріне қосылуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс та кіреді.
Қорытындылай келе…
•Бас бостандығынан айыруды жүйелі пайдалануды және шекарадан өтуді криминализациялауды қоса алғанда, шектеу шараларына басымдық берілетін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негізделген тәсіл өзінің зияндылығын дәлелдеді.

•Естеріңде болсын: адам мигрант, босқын, баспана іздеуші немесе ішкі қоныс аударушы ма, жоқ па – бәрі де өз балалары мен болашақ ұрпақтары үшін жақсы өмір сүруге үміттеніп, кім болып туғаны үшін өлуден қорықпай, өздері үшін жақсы өмір, қауіпсіз өмір іздеуде үйлерінен кетті.

•Біз бір қарағанда қаншалықты әр түрлі бола алатынымызға қарамастан, бәріміз тең және бірдей адам құқығымыз бар екенін ұмытпауымыз керек.
Қолданылған әдебиет:
• Mihr, A. and Gibney, M., 2014. The SAGE handbook of human rights. 1st ed. Croydon, UK: SAGE Publications, pp.253-266.

• Council of Europe. Human Rights Handbook for Local and Regional Authorities: Fighting Against Discrimination. Vol.1. 2019

Migration Data Portal

• UNHCR Nordic and Baltic Countries. 2019. 10 Facts About Refugees - UNHCR Nordic and Baltic Countries.

Aйна Шорманбаева, Маруся Ферри и Розали Лорент. Трудовые мигранты в Казахстане: без статуса и прав. Выпуск No681r. FIDH. 2016.