Адам құқықтары тұрғысынан қарағандағы жыныстық бағдарлық және гендерлік сәйкестік

Сабақ 4.3.
Бұл сабақта біз ЛГБТ+ адамдардың адам құқықтары туралы талқылайтын боламыз.

Бүкіл әлемде біз адамдардың олардың болмысы және кімді жақсы көргені үшін кемсітуге, азаптауға, зорлық-зомбылыққа және қасақана өлтіруге, қорқытуға және экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі басқа да кемсітушілікке тап болғанын көріп отырмыз.

Естеріңе сала кетейік, адам құқықтары әмбебап және тұтас болып келеді, ал теңдік пен кемсітпеушілік адам құқықтарының негізгі қозғаушы қағидаларының бірі болып табылады, әсіресе ЛГБТИ+, мигранттар, босқындар және т.б. қысым көрген топтарға қатысты.

Барлығымыз да адам құқықтарына иеміз және ешкімнің де біздің жыныстық бағдарымыз, гендерлік сәйкестігіміз, сыртқы келбетіміз және (немесе) мінез-құлқымыз негізінде бізді адам құқықтарынан айыруға құқығы жоқ.
Терминдер
ЛГБТИК+ құқықтарын адам құқықтары тұрғысынан талқылауға кіріспес бұрын, алдымен негізгі ұғымдарды қарастырып шығайық.

Әрине, сіз бүгінде адам құқықтары қорғаушылары мен белсенділері арасында жиі қолданылатын ЛГБТ немесе тіпті ЛГБТИК+ аббревиатурасын бірнеше рет естіп, көрген шығарсыңдар.

Алайда, сендер осы аббревиатурадағы әр әріп нені білдіретінін білесіңдер ме?
Лесбиян әйел - өзге әйелдерге романтикалық немесе тән құштарлығын сезінетін әйел

Гей – өзге еркектерге романтикалық немесе тән құштарлығын сезінетін еркек

Трансгендерлі адам – өздерін туған кезде биологиялық жыныс ретінде берілген жыныстан өзгеше гендермен сәйкестендіретін адамдар. Гендерлік өзіндік танымы мен биологиялық жынысы сәйкес келетін адамдарды цисгендер деп атайды.

Интерсекс-адамдар – бірыңғай еркекке немесе әйелге сай келе бермейтін физикалық, гормоналды немесе генетикалық белгілері бар адамдар. Интержыныстылықтың көптеген түрлері бар; бұл – спектрлік немесе қолшатыр термин.

Квир – жыныстық бағдары тек гетеросексуалдық емес кейбір адамдар қолданатын сын есім. Әдетте, өздерін квир ретінде анықтайтындар үшін «лесбиян», «гей» және «бисексуал» терминдері тым шектеулі және (немесе) мәдени коннотациялары бар болып саналады. Кейбір адамдар өздерінің гендерлік сәйкестігін және (немесе) гендерлік өзін-өзі көрсетуін сипаттау үшін «квир» немесе «гендервкир» сөздерін қолдануы мүмкін.

+ – бұл белгі жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестіліктің көптеген нысандары бар екенін білдіреді, олар осы аббревиатураның алты әрпінде көрсетілмейді, және біз соңында қосу белгісін қойғанда, адамның жыныстық бағдарына немесе гендерлік сәйкестігіне қарамастан, адам құқықтары әрдайым сақталуы керек дегенді білдіреді.
ЛГБТИК+
Бұл топтағы адамдардың бір ортақ қасиеті – олар өзге азамат_шаларға қарағанда қадір-қасиетіне қатысты тең қатынастан айырылған. ЛГБТИК+ адамдар көбінесе жыныстық бағдар, гендерлік сәйкестілік немесе гендерлік көрініс негізінде кемсітушілік, әлеуметтік оқшаулану және зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Бұл гомофобияның және (немесе) трансфобияның көріністері.

Сондықтан «жыныстық бағдар», «гендерлік сәйкестілік», «гомофобия» және «трансфобия» терминдерінің нақты мағынасын түсіну, олармен байланысты дискриминацияны нақты анықтап, оған тиімді қарсы тұру өте маңызды.

Жыныстық бағдар дегеніміз – әр адамның басқа немесе өз гендерінің адамдарына немесе түрлі гендерлерлі адамдарға терең эмоциялық және (немесе) тәндік құштарлық сезімін сезіну қабілеті.
Гендерлік сәйкестілік дегеніміз – туған кезде берілген биологиялық жынысқа сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін адамның ішкі сезімін білдіреді және өз тәнін танудағы және өз жынысын білдірудің басқа тәсілдерді де қамтиды (бұл гендерлік өзін-өзі көрсету/білдіруге жатады), мысалы, киім, сөйлеу және мінез-құлық.
Сендер анықтамаларда біз «жыныс» және «гендер» сөздерін жиі қолданатынымызды байқадыңдар, мүмкін сендер олардың арасындағы айырмашылық неде деп сұрағыларың келуі мүмкін. Көбінесе бұл екі сөз аралас қолданылады, бірақ олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.

Жыныс – бұл біздің хромосомаларымыз бен жыныстық мүшелеріміз сияқты биологиялық белгілерге негізделген ерлер мен әйелдердің бөлінуі. Жыныс туылған кезде сыртқы сипаттамаларға байланысты беріледі және біз өзімізді қалай сезінетінімізге сәйкес келмеуі мүмкін.

Гендер – бұл әлеуметтік құрылым және қоғам белгілі бір жыныстан не күтілетіннің негізінде қалыптасатын айырмашылықтарды білдіреді. Мысалы, ерлер мен әйелдердің өзін-өзі ұстауы, киінуі, қай салада жұмыс істеуі және басқалары туралы болжамдар мен күтулер. Бұл үміттер өз кезегінде гендерлік стереотиптерді қалыптастырады, бұл жыныстық және гендерлік сәйкестілік, сондай-ақ жыныстық бағдар бойынша кемсітуге себеп болады.
Сондай-ақ, біз гомофобия мен трансфобияны ЛГБТИК+ адамдарының кемсітушілігі мен қаналуының себептері ретінде жиі атаймыз.

Гомофобия – бұл лесбиян әйелдерге, гейлерге немесе бисексуал адамдарға қатысты иррационалды қорқыныш, жеккөрушілік немесе жиіркеніш, ал трансфобия, өз кезегінде, трансгендерлі адамдарға деген жеккөрушілік, қорқыныш немесе жиіркеніш. Мұндағы кілт сөз-бұл «иррационалды», бұл ЛГБТИК+-ке қатысты жағымсыз сезімдер негізсіз және мифтер мен жалған идеяларға негізделген дегенді білдіреді. Олар ЛГБТИК+ адамдардың өмірін қиындататын және кейбір жағдайларда тіпті азаптайтын әрекеттерге әкелуі мүмкін.
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Бұл жалған, жыныстық және романтикалық қарым-қатынас тек балалардың дүниеге келуі үшін қалыптасады деген сенімнен туындайды. Барлық жағынан, балалы болу туралы шешім байыпты ойлауды қажет етеді. Көптеген гетеросексуалды адамдар балалы болуды шешсе де, басқалары балалы болуды қаламауы немесе балалы бола алмауы мүмкін. Екінші жағынан, көптеген ЛГБТИК+ адамдар балалы болуды немесе серіктесімен бірге бала тәрбиелеуді жөн көреді. Мұндай отбасыларда тәрбиеленетін көптеген балалар отбасындағы ең бастысы – махаббат пен қамқорлық екенін айтады. Қалай болғанда да, біз адамдардың құндылығын тек көбею қабілетіне дейін азайтқанда, біз біреу құқылы, ал біреу жоқ болатын иерархия құрамыз. Алайда, біздің бағдарымызға, гендерлік сәйкестілігімізге, бала туғысы келетіндігімізге немесе қаламағымызға және т.б. қарамастан, бәрімізде адам құқықтары бар.

Табиғатқа келетін болсақ, табиғатта «норма» ұғымы мүлдем жоқ. Бұл билік пен теңсіздік құрылымдарын көбейту үшін адамдар ойлап тапқан нәрсе.
ЛГБТИК+ адамдар табиғатқа қарсы
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Көпшілік ЛГБТИК+ адамдардың пікірінше, олар ЛГБТИК+ болуды таңдаған жоқ. Оның орнына, ерте жастан бастап олар бір жыныстағы және гендердегі адамдарға деген сезімнің бар екенін түсінді немесе бұл сезімдер жасөспірім немесе ересек жаста дамып, орнықты болды. Жыныстық бағдарлықтың себебі емес, адамдардың жыныстық бағдарына қарамастан адамдарға құрметпен және қадір-қасиетпен қарау маңызды.
Адамның жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігін өзгерту мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн. Біреудің жыныстық бағдарын өзгерту әрекеттері жарақат келтіріп, адам құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Алайда, ЛГБТИК+қоғамдастық мүшелерінің стигматизациясын, қысымын және адам құқықтарының бұзылуын тудыратын теріс әлеуметтік көзқарастар өзгеруі мүмкін және өзгеруі тиіс.
Жыныстық бағдарлық – әр адамның жеке таңдауы, сондықтан оны жөндеуге болады
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Ешқандай да арнайы ЛГБТИК+ құқықтары жоқ, біздің жыныстық бағдарымыз бен гендерлік ерекшелігімізге қарамастан, бәрімізде де адам құқығымыз бар. Алайда, шындығында, олар кім болғандықтан, ЛГБТИК+ адамдар гетеросексуалдық цисгендерлі адамдарға қарағанда адам құқықтарының бұзылуына жиі ұшырайды. Сондықтан, біз ЛГБТИК+ құқықтарын қорғауға шақырған кезде, біз оларға арнайы құқықтарды талап етпейміз, бірақ олардың құқықтары басқа топтардың құқықтары сияқты, бәрімізде адам құқықтары бар екендігіне сүйене отырып, құрметтелуіне шақырамыз. Кім көп немесе аз құқыққа ие болғандығы туралы айту мүмкін емес, олардың барлығы бірдей.
Егер әркімнің адам құқығы болса, неге ЛГБТИК+ арнайы құқықтарды талап етеді? Олар бәрімізде бар құқықтарды жай ғана пайдалана алмайды ма? Неліктен оларға жеке ЛГБТИК+ құқықтары қажет?
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Шын мәнінде, лесбиян әйелдер, гейлер, бисексуал адамдар және трансгендер адамдар барлық жерде, барлық елдерде, барлық этникалық топтарда, барлық әлеуметтік-экономикалық таптарда болады. Өз жынысына немесе гендеріне және трансгендерлі сәйкестік батыстық деген пікірлер дұрыс емес. Бірақ бүгінде лесбиян әйелдерді, гейлерді, бисексуалды адамдарды және трансгендер адамдарды жазалау үшін қолданылатын көптеген қылмыстық заңдар батыстық болып табылады. Көп жағдайда оларды 19-ғасырда сол кездегі отаршыл державалар тиісті елдерге жүктеді.
ЛГБТИК+ - бұл батыстық үрдіс, ол бізге жат, сондықтан біз қазір бұл норма деп сендіруге тырысып жатырмыз. Біздің мәдениетте бұл ешқашан болған емес!
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Бір жыныстағы/гендердегі басқа адамдарға құштарлық пен махаббат сезінетін, сондай-ақ гендерлік ерекшелігі мен туылған кезде берілген жыныстан өзгеше қасиеттері бар адамдар және интерсекс адамдар әрқашан біздің қоғамдарымыздың құрамына кірді. Тарихта Оңтүстік Африкадағы ежелгі үңгірлердегі суреттерден бастап Египет қабірлеріндегі суреттерге, ежелгі үнді медициналық мәтіндеріне және ерте осман әдебиетіне дейінгі әр елді мекен мен уақыт кезеңдерінен мысалдар бар. Көптеген қоғамдар дәстүрлі түрде ЛГБТИК+ адамдарды қабылдап, оның ішінде дәстүрлі түрде танылған «үшінші жыныс»деп аталатын бірнеше Орталық Азия қоғамдары да бар.
ЛГБТИК+ - қазіргі заманғы құбылыс, олар бұрын болмаған. Бұл сәнге тағзым!
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Шын мәнінде, ЛГБТИК+ туралы ақпарат алу немесе олармен уақыт өткізу кәмелетке толмағандардың жыныстық бағдарына немесе гендерлік өзіндік анықтауына әсер етпейді және олардың әл-ауқатына зиян тигізбейді. Керісінше, барлық жастардың дені сау, құрметке негізделген тәндік қарым-қатынасты қамтамасыз ету және өздерін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғау үшін олардың жасына сәйкес жыныстық білімге қол жеткізуі өте маңызды. Мұндай ақпаратқа қол жеткізуден бас тарту арқылы сіз стигматизацияға ықпал ету қаупін тудырасыз, бұл өз кезегінде ЛГБТИК+ балаларды оқшаулап, депрессияға ұшыратуы мүмкін, бұл кейбіреулерді мектептен кетуге мәжбүр етеді және өз-өзіне қол жұмсаудың өсуіне ықпал етеді. Егер сіз өзіңіздің ұлтыңыздың әл-ауқатына шынымен жанкүйер болсаңыз, онда сіз өмір сүріп жатқан балалар туралы және оларды бақытты балалық шақ пен жастықпен қалай қамтамасыз ету туралы ойлануыңыз керек.
Жарайды, мысалы, ЛГБТИК+ адамдар бұрын болған делік, бірақ қазір біз балаларымызды олар туралы ақпараттан қорғауымыз керек, әйтпесе олар ЛГБТИК+ айналуы мүмкін. Менің ойымша, бұл – халқымыздың болашағын бұзатын батыстық насихат! Егер бәрі гейлер мен лесбияндарға айналса, біздің ұрпағымызды кім жалғастырады?!
Адам құқықтары және ЛГБТИК+ туралы фактілер мен мифтер
Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы алаңдаушылығыңызды түсінуге болады. Алайда, біржынысты махаббат пен трансгендерлі сәйкестік және балаларға деген қатігез әрекеттердің арасында ешқандай байланыс жоқ. Бүкіл әлемдегі лесбиян әйелдер, гейлер, бисексуал адамдар және трансгендер адамдар жақсы ата-аналар, мұғалімдер және жалпы жастар үшін үлгі бола алады. Оларды «педофилдер» ретінде немесе балалар үшін қауіпті етіп көрсету толығымен дұрыс емес. Сондай-ақ бұндай сөздер барлық балаларды, соның ішінде өздерінің жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестіктерін түсінеті балаларды қорғау үшін байыпты және тиісті шаралар қабылдаудан алшақтатады.
Бірақ барлық гейлер мен лесбиян әйелдер балалар үшін қауіпті. Барлық гейлер – педофилдер!
ЛГБТ+ және адам құқықтары туралы қандай фактілер мен мифтерді білесіңдер? Бізбен өз ойларыңмен бөлісіңдер:
ЛГБТИК+ адамдар мен олардың құқықтарына қатысты осы және басқа мифтердің көпшілігі гетеронормативтілікке негізделген.
Гетеронормативтілік – бұл бізге гендерлік зерттеулерден келген ұғым. Бұл белгілі бір жыныстық бағдардың басқаларға қарағанда үстемдігін көрсететін мәдени, моральдық және құқықтық нормалар жүйесіне жатады. Атап айтқанда, гетеронормативтілік гетеросексуалдықтың гомосексуалдықпен немесе бисексуалдықпен қарағандағы үстемділігін растайды. Нәтижесінде гетеронормативтілік біздің өміріміздің барлық салаларында: күнделікті өмірде, мәдениетте және дәстүрлерде, дінде, заңдарда және мемлекеттік институттарда тамыр жайып, ЛГБТИК+ адамдарды кемсітуге әкеледі.
Бұл жалған артықшылық адамдардың өзін қалай ұстау керектігін анықтайтын моральдық және құқықтық нормаларға айналады.

Мұндай моральдық және құқықтық нормалардың кейбір жарқын мысалдары – бір жынысты қатынастарды қылмысқа жатқызатын моральдық нормалар мен заңдар, сондай-ақ жыныстық бағдар негізінде кемсітетін моральдық және құқықтық нормалар.
Өкінішке орай, адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарды әзірлеудің басынан бастап бүгінгі күнге дейін адам құқықтары қозғалысында басқа мәселелерге басымдық берілгендіктен және басқа да проблемалар өзекті болып саналғандықтан, адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық шеңберінде жыныстық бағдар және (немесе) гендерлік сәйкестілік негізінде кемсітушілікке аз көңіл бөлінді.
Халықаралық құралдар мен ЛГБТИК+ құқықтары
Жыныстық бағдар немесе гендерлік сәйкестілік туралы нақты айтылатын адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтың болмауы ЛГБТИК + құқықтары үшін күресті қиындатады.

Шынында да, жыныстық бағдар да, гендерлік сәйкестілік те адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында айтылмайды және азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактімен немесе экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактімен қорғалмайды. Ең дегенде, бұл құжаттар жанама түрде ЛГБТИК+ адамдарды қорғауды қамтамасыз ете алады.
Мысалы, адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 1-бабында әр адам өзінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша еркін туады деп айтылады және адам құқықтарына құқық жыныс белгісі бойынша кемсітумен немесе басқа санаттар арасындағы кез келген басқа Шартпен шектелмеуі керек деп жарияланады. Жалпыға бірдей декларацияның 7-бабы да кемсітушіліктен құқықтық қорғалу құқығын береді. Сонымен қатар, АҚЖД 12-бабы жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қорғайды.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, өз кезегінде, өзінің 17-бабында жеке өмір құқығын қорғайды, онда заң алдындағы теңдік және заң негізінде кемсітуден тең деңгейде қорғауға ие болу құқығы, мысалы, жыныс немесе әлеуметтік мәртебе негізінде, көрсетілген.

Алайда, бұл құжаттарда жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестілікке тікелей сілтеме болмаса да, құқық қорғаушылардың, сондай-ақ осы саладағы белсенділердің керемет жұмысының арқасында бұл құжаттардың барлығы ЛГБТИК+ адамдардың құқықтарын қорғау үшін қолданылады.
1994 жылдан бастап БҰҰ-ның бірнеше органдары жыныстық бағдар негізінде кемсітпеу құқығы босқындарға, азаматтық және саяси құқықтарға, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарға, сондай-ақ әйелдер құқықтарына қатысты шарттар сияқты адам құқықтары жөніндегі арнайы шарттармен жанама түрде қамтылғанын айтты.

Сонымен қатар, 2011 жылғы Адам құқықтары, жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік туралы алғашқы қарарында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестілік негізінде кемсітушілікке жол бермейтінін нақты көрсетеді және елдерді ЛГБТИК+ адамдардың адам құқықтарын сақтау үшін тиісті шараларды қабылдауға шақырады.
ЛГБТИК+ адамдардың адам құқықтарын алға жылжытудағы тағы бір маңызды құжат – Джокьякарта қағидаттары. Бұл құжатты 2006 жылы ЛГБТИК+ құқықтары жөніндегі сарапшылар мен құқық қорғаушылар дайындаған. Құжатта мына жайттар айтылған:


«Джокьякарта қағидаттары адам құқықтары туралы халықаралық нормаларды жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік мәселелеріне қолдану қағидаттардың жиынтығы болып табылады. Қағидаттар барлық мемлекеттер сақтауға тиісті халықаралық құқықтық стандарттарды бекітеді. Олар еркін және қадір-қасиеті мен құқықтары тең туылған барлық адамдар сол қалпында қала алатын болашақты қамтамасыз етуге арналған».


Бұл қағидаттар міндетті сипатқа ие болмаса да, олар ЛГБТИК + адамдар адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету үшін мемлекеттер ұмтылуы керек стандарттар ретінде қызмет етеді.
Осы тұрғыда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі мемлекеттер зорлық-зомбылық актілерінің алдын алу және оларға ден қою үшін, сондай-ақ адамдарды мемлекеттік немесе жеке субъектілерден шығатын өмірге немесе физикалық қол сұғылмаушылыққа төнетін болжамды қауіп-қатерлерден қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауға міндетті екенін атап өтті.
ЛГБТИК + адам құқықтары бойынша БҰҰ тетіктерінің ұстанымы
Бұл іс жүзінде нені білдіреді?
ЛГБТИК+ адамдардың басына бүкіл әлемдегі жеке тұлғалардың тарапынан зорлық-зомбылық үшін ерекше қауіп төнеді. Мұндай зорлық-зомбылық физикалық немесе психологиялық болуы мүмкін (кісі өлтіру, ұрып-соғу, ұрлау, зорлау және жыныстық зорлық-зомбылық, қорқыту, мәжбүрлеу және өз еркінен айыру).

ЛГБТИ+ адамға қатысты зорлық-зомбылық отбасылық салаға таралады және отбасы мүшелерінің физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықты, сондай-ақ мәдениет, дін және дәстүр бойынша жасалған зорлық-зомбылықты қамтиды.

Бұл зорлық-зомбылық – осы модулдің бірінші сабағында айтылған гендерлік зорлық-зомбылықтың бір түрі. Мұндай әрекеттер гендерлік нормалардан шыққандарды жазалау ниетімен жасалады. Сонымен қатар ЛГБТИК+ адамдар медициналық мекемелерде және қамауда ұстау орындарында зорлық-зомбылық пен қатыгездікке тап болады.
Осыған байланысты БҰҰ мемлекеттерді ЛГБТИК+ адамдардың адам құқықтарын қорғауға қатысты бес негізгі міндеттемені сақтауға шақырады. Бұл міндеттемелерге мыналар кіреді:

ЛГБТ+ адамдарды гомофобия және трансфобия негізіндегі зорлық-зомбылықтан қорғау
Азаптайтын және қатыгез, адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттердің алдын алу
Бір жынысты қатынастар мен трансгендерлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңдардың күшін жою
Жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік белгісі бойынша кемсітушілікке тыйым салу
ЛГБТИК+ адамдарға сөз, қауымдастық және бейбіт жиналыстар бостандығына кепілдік беру.
Біз білетіндей, жеке тұлғалар БҰҰ-мен өз құқықтарын қорғау үшін арнайы рәсімдер арқылы өзара іс-қимыл жасай алады. Олардың арасында БҰҰ жеке мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшыларымен байланыс құруға болады.

Бүкіл әлем бойынша ЛГБТИК+ адам құқықтарының бұзылу оқиғаларының өсу мәселесін шешу үшін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік белгісі бойынша зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғау мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы мандатын белгіледі.

Мандат алғаш рет 2016 жылдың маусымында үш жылға бекітіліп, 2019 жылдың маусымында ұзартылды.
БҰҰ-ның жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік(ЖБГС) белгісі бойынша зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғау мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшысы
ЖБГС мәселелері жөніндегі Тәуелсіз сарапшыға зорлық-зомбылық пен кемсітуден зардап шегетін адамдарды олардың жыныстық бағдарына немесе гендерлік сәйкестілігіне қарай мынадай құралдардың көмегімен неғұрлым тиімді қорғауды қамтамасыз ету жолдарын зерделеу тапсырылды:

•Адам құқықтары саласындағы стандарттардың жүзеге асырылуын бағалау;
•Озық тәжірибе мен оларды іске асырудағы олқылықтарды анықтау;
•ЖБГС мәселелері туралы хабардарлықты арттыру;
•ЖБГС белгісі бойынша зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің түпкі себептерін анықтау және жою;
•ЛГБТИК+ тұлғаларды қорғауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттермен және басқа да тиісті мүдделі тараптармен диалогқа және консультацияларға қатысу;
•ЖБГС белгісі бойынша зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке қарсы күрес саласында консультациялық қызметтер көрсетуге, техникалық көмек көрсетуге, әлеуетті құруға және халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу және қолдау көрсету.
Өз мандатын орындау кезінде тәуелсіз сарапшы:

•мемлекеттерге адамдарға олардың жыныстық бағдары немесе гендерлік сәйкестілігі белгісі негізінде жасалған зорлық-зомбылық пен кемсітушілік жағдайларына қатысты фактілері бар үндеулер мен хаттар жібереді;

•фактілерді анықтау мақсатында елдерге сапарлар жасайды;

•Адам құқықтары жөніндегі кеңеске және Бас Ассамблеяға мандат шеңберіндегі қызмет, жұмыс үрдістері мен әдістері туралы тақырыптық баяндамалар ұсынады.
ЖБГС бойынша тәуелсіз сарапшы өз жұмысын қалай іске асырады?
Енді біз сізге БҰҰ-дағы ЛГБТ+ адамдардың құқықтары тарихына арналған қысқа бейнені көруді ұсынамыз. Бейне параметрлерінде тиісті нұсқаны таңдау арқылы бейнені қазақ тіліндегі субтитрлермен көруге болады.
Біздің осы сабағымыз сендерде ішкі қарсылық пен тіпті наразылық тудыруы мүмкін тақырыпқа арналды.

ЛГБТИК+ адамдардың адам құқықтары тақырыбы көбінесе қалыптасқан стереотиптерге, біздің қоғамымызда терең тамыр жайған жалған пікірлер мен мифтерге байланысты қиын тақырып болып табылады.

Алайда, егер сендер осы курстан өтіп, осы сабаққа қатысып, осы сөздерді оқып шықсаңдар, бұл сендерді әділеттілікке итермелейтін ішкі компас басқарады дегенді білдіреді.
Қорытындылай келе…
Естеріңде болсын: әрқайсымызда адам құқықтары бар. Біз құқыққа лайық болмауымыз керек және оларды кім болып жаратылғанымыз және кімді сүйгеніміз үшін ғана бізден тартып алуға ешкімнің құқығы жоқ.
Бір топтың құқықтарын бұзу ертең бұл құқықтар басқалар үшін де бұзылуы мүмкін дегенді білдіреді. Барлық адамдардың құқықтарын насихаттау және құрметтеу барлығымыз үшін жайлы әлемге қол жеткізуге көмектеседі.
Қолданылған әдебиет:
•UNHCR. Born Free and Equal: Sexual Orientation, Gender Identity and Sex Characteristics in International Human Rights Law. Second edition. 2019.
•Council of Europe. Human Rights Handbook for Local and Regional Authorities: Fighting Against Discrimination. Vol.1. 2019
•БҰҰ-ның гомофобия мен Трансфобияға қарсы жаһандық кампаниясы: Еркін және тең сайты.
•ILGA-Europe Сайты