БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау және мониторингі жөніндегі тетіктері

Сабақ 3.3.
Әмбебап кезеңді шолу (ӘКШ) циклі шамамен 4-4, 5 жылға созылады
ӘКШ
- Елдік есеп
- БҰҰ ақпараты
- МЕҰ және басқа мүдделі тараптардың ақпараты
Құжаттарды дайындау:
ӘКШ Жұмыс тобы:
Шолу және баяндама
Мемлекетпен интерактивті диалог
Баяндаманы қабылдау және ұсыну
Қорытынды құжатты қабылдау
Адам құқықтары жөніндегі кеңес:
Алдағы бақылау мен іске асырудың
ұлттық процессі:
Ұсынымдарды орындау
Диаграмма көзі: United Nations Regional Human Rights Office for Europe, Making a Difference: Introduction to Human Rights, 2018.
Бүгінгі таңда БҰҰ-ның келесі сегіз шарттық органы жеке шағымдарды қабылдап, оларды қарастыра алады:

1.Адам құқықтары жөніндегі Комитет (АҚК) АСҚХП-да бекітілген құқықтардың болжамды бұзылуын қарайды;
2.Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті (ӘКЖК) Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның болжамды бұзушылықтарын қарайды;
3.Азаптауларға қарсы комитет Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияда бекітілген құқықтардың бұзылуын қарайды;
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық шарттары шеңберіндегі жеке шағымдар
4.Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитет (НКЖК) Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияда белгіленген құқықтардың бұзылуын қарайды;

5.Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі Комитет (МҚК) Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі Конвенцияда бекітілген құқықтардың бұзылуын қарайды;

6.Күштеп жоқ қылып жіберу жөніндегі комитет (КЖК) Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенцияны бұзуға қатысты шағымдарды қарайды;

7.Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Комитет (ЭӘМҚК) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде көрсетілген құқықтардың болжамды бұзылуы жөніндегі шағымдарды қарайды;

8.Бала құқықтары жөніндегі комитет Бала құқықтары жөніндегі конвенциядағы және осы Конвенцияға хаттамалардағы құқықтардың бұзылуы жөніндегі шағымдарды қарайды.
Шарттық органдарға жеке шағымдардың барлық тетіктері күшіне енген жоқ. Мәселен, еңбек етуші мигранттардың құқықтары жөніндегі комитетке жеке шағымдарды беру және қарау тетігі Еңбек етуші мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны кемінде 10 ел ратификациялаған және ЕМҚК-нің шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктерін мойындаған кезде ғана күшіне енеді.

Жеке шағымдарды жіберу туралы толығырақ БҰҰ АҚЖКБ сайтынан біле аласыз.