Елдегі төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтары
Сабақ 2.3.
Тапсырма
•Сабағымыздың соңында сендерге курстың осы кезеңінде тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергендеріңді өзіндік бағалау үшін сендерге кішкене тәжірибелік тапсырма ұсынғымыз келеді.
•Бұл тапсырма үшін 2020-жылдың наурызынан бастап бүкіл әлемде covid-19 пандемиясы жарияланғаннан бері болған жайттарды еске түсірейік.
•Осы уақыт аралығында Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуы орын алды ма, жоқ па, соны қарастырыңдар.
•Кішкентай көмек ретінде төменде сендерге талдау жасауға көмектесетін арнайы сұрақтар ұсынылған.
Сұрақтар
Үкімет елде төтенше жағдай жариялады ма?
Қазақстанның Конституциясы мен заңнамасы төтенше жағдай кезінде адам құқықтары (немесе конституциялық құқықтар мен бостандықтар) саласындағы нормалардан ауытқу жағдайларын реттей ме?
Елдегі ТЖ кезінде қандай да бір адам құқығы шектелді ме?
Егер шектеулер орын алса, олар жөнді және пропорционалды болды деп ойлайсыңдар ма?
Тек жеке топтарға қатысты немесе негізсіз қолданылған шектеулер болды ма? Мысал келтіріңдер.
Төтенше жағдай кезінде ешқандай жағдайда ауытқуға жатпайтын абсолютті құқықтардың бұзылуы болды ма?