•мемлекет қылмыстың алдын-алу үшін тиісті шаралар қабылдамайды, мысалы, егер жәбірленуші полицияға жүгініп, оның өміріне қауіп төнгені жайлы хабарласа және полиция тиісті түрде әрекет етпеген жағдайда. Бұл жағдайда мемлекеттің әрекетсіздігі оның өмір сүру құқығын қорғау және жүзеге асыру міндеттемесін бұзғанына теңестірілуі мүмкін;
•мемлекет мұндай әрекеттердің алдын алу үшін қажетті заңнамалық нормаларды қабылдаған жоқ – бұл жағдайда, мысалы, егер мемлекет өзінің қылмыстық кодексінде «кісі өлтіруді» қылмыстық іс деп қарастырмаған жағдайда. Мемлекеттің әрекетсіздігі мемлекеттің адам құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесінің орындалмауына теңестірілуі мүмкін;
•мемлекет өзінің қылмыстық кодексінде қажетті құқықтық нормаларды қабылдағанымен, тергеу дұрыс жүргізілмейді және қылмысқа кінәлі тараптар жауапқа тартылмайды және қылмыстарын тиесілі жаза алмаған жағдайда. Мемлекеттің тиісті түрде әрекет ете алмауы мемлекеттің адам құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерінің орындалмауына теңестірілуі мүмкін.
Алайда, бұл жағдайдың барлығында да адам құқықтарының бұзылуы жеке тұлғамен жасалған қылмысқа емес, мемлекеттің тарапынан болған әрекеттерге немесе, керісінше, әрекестіздікке қатысты.