•Халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеу, қорғау және жүзеге асыру міндеттемелерінің иесі болып табылады.
•Бұл құқықтық мағынада адам құқықтарын бұзғаны үшін тек мемлекет жауап береді дегенді білдіреді.
•Мемлекеттің міндеттемелері құқықтың мемлекет тарапынан араласуды талап ететініне немесе етпейтініне байланысты «теріс» және «оң» болып бөлінеді.
•Адамның кейбір құқықтарын орындау шұғыл шараларды қажет етеді, ал қалған құқықтар осы құқықтарды жүзеге асыру үшін прогрессивті міндеттемелерді талап етеді. Оларға экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады.