Бұл жағдайда біз қала мектептерінің түлектерін кемсіту болды деп айта алмаймыз. Кейде шынайы теңдікке жету үшін сараланған әрекеттерді, яғни адамдардың әртүрлі топтары үшін әр түрлі болуы мүмкін әрекеттерді қабылдау қажет.
Егер осы кейске тереңірек үңілетін болсақ, онда біз ауыл мектептерінің түлектері үшін тең мүмкіндіктер жасамайынша, оларға болашақта қоғамда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алмайтынымызды көреміз. Бастапқыдан тең емес позицияларға байланысты, ауылдардағы мектеп оқушыларының қалалардан келген мектеп оқушыларымен бірдей сапалы білім алу мүмкіндігі аз. Бұл өз кезегінде мектеп бітіргеннен кейін олардың жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндігі де аз екенін білдіреді. Біз жоғарғы білім кейіннен жұмысқа орналасу үшін және табысқа қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылатын қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Сондықтан, ауыл мектеп оқушылары экономикалық тұрғыдан сол деңгейде қалады деген ықтималдық есейе түседі. Келесі жағдайды елестетіп көріңдерші: тең мүмкіндіктердің болмауына байланысты адам өз ауылында қалып, жалақысы төмен маусымдық жұмыста жұмыс істейді, отбасын құрып, ата-анасы бастан кешірген проблемаларға балалары да тап болады. Кедейлік циклі жалғасуда.
Бұл жағдайда біз кедейлік мәселесі жай жалқаулық немесе өз дағдыларымызды қолдана алмаудың салдарынан емес екенін көреміз. Кедейлік адам құқықтарына тікелей қатысты, және кедейлік шегінен шығу бірнеше ұрпаққа дейін созылады.